Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Ж. Тәшенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Балдәурен» бастауыш пән бірлестігінің пән апталығының ашылуы – сапаны арттыруға бағытталған тамаша бастама. Білім беру және бастауыш мектептің дамуы бағытындағы апталықтың берері көп. Ұйымдастырушылар «Білім бастауы – бастауыш мектепте, білім арқылы әлемге жол ашылады» деген ұранмен ұйымдастырушылар түйінді ойды ортаға салды: бастауыш мектеп білім негіздерін қалыптастыруда және оқушы тұлғасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл кезең әрбір баланың болашағын, қоғамдағы жолын анықтайды.
Пән апталығы мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге және білім сапасын арттыруға жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Мұндай бастамалар әрбір оқушының өз қабілетін ашып, оқуда және өмірде табысқа жетуіне қолайлы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларына тиімді әдіс—тәсілдер: «Ашық микрофон’, Сұраққа мақал мен жауап бер», » Спираль», «Құлыптың кілтін тап», «Жедел хат»қолданылды. Нәтижесінде оқушылар осы әдістерді қолдана отырып, әр сабаққа деген қызығушылығын көрсетіп, белсенділігі артты