«Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Инновациялық әдістер – кітап оқудың нақты жолы» тақырыбында озық педагогикалық тәжірибені тарату бойынша семинар өткізуі оқу үдерісін үнемі дамытып, жетілдіруге деген ұмтылысты көрсетеді. Бұл шараның мақсаты студенттерді көркем әдебиетке баулуға бағытталған озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу болды. Семинарда ұстаздар мен тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасуға, оқушылармен жұмыс жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, олардың оқуға деген құштарлығын арттырып, әдебиет әлеміне енуіне мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар мектептің педагогикалық арсеналын байытуға, білім сапасын арттыруға және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз. Сондықтан ғылыми- техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Семинарды облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Ақмарал Мейірбекқызы мен Түркістан облысы, Созақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақбота Қалманбаева ашуы іс-шараның білім саласын дамытудағы маңыздылығын көрсетеді. Бұл семинар кітапханашылар мен сынып жетекшілері үшін оқушылар арасында оқуды және әдеби дамытуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар аясында «Кітап дулыға», «Әдеби мұра» және «Білім бұлағы» кезеңдері бойынша іс-шаралардың өтуі білім беру мәдениетін дамытудағы әдіс-тәсілдердің сан-алуандығын айғақтайды. Мұндай бастамалар оқушылар мен ұстаздар қауымы арасында кітап мәдениеті мен әдеби қызығушылықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта осы тақылеттес шаралар жалғасын табатын болады. Бұл тек бастамасы ғана дейді білікті мамандар.