Бұл Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Сарыкөл шағын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Әжелер» мектебін құрудың тамаша бастама болып отыр. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының «Даналық мектебі» клубы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба әжелер мен келіндерді қолдауға және оқу үдерісіне тартуға бағытталған.
Әжелер мен келіндердің және оқушылармен кездесу өткізу – отбасылық құндылықтарды сақтауға, түрлі ұрпақты тәрбиелік өмірге тартуға жасалған маңызды қадам. Әжелер мен келіндердің мектеп өміріне араласуы оқушыларға білім мен тәрбие беруде игі ықпалын тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінде бірлік пен ынтымақтың қалыптасуына ықпал ете алады. Бұл жоба мектеп пен отбасының ынтымақтастығы маңыздылығын, сондай-ақ әртүрлі ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен қолдауға негізделген оң білім беру ортасын құруға деген ұмтылысты көрсетеді. Отбасы құндылықтарын сақтау, мақсатында әжелер, жеңгелер отырысы болып өтті.Жиын барысында балалардың болашағы мен өмірге бейімделуіне байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырып «Даналық» мектебінің жұмысын жандандыру жолдары жайында айтылып, түрлі пікірлер ортаға салынды.