Түркістан облысы Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Қалалық әдістемелік кеңесті» өткізу педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, ұстаздар арасында тәжірибе алмасуда маңызды шара болып табылады. Бұл шара барысында мұғалімдерге өзекті әдістемелік мәселелерді талқылауға, тәжірибе және озық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мамандардан кәсіби қолдау мен кеңес алуға мүмкіндік беріледі. «Қалалық әдістемелік кеңестің» мақсаты – оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін тарату ғана емес, сонымен қатар оқушыларға қолайлы жағдай туғызу және қаланың педагогикалық қауымдастығын дамыту. Бұл білім сапасын арттырудың және мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдаудың маңызды құралы болып табылады. Мақұлбекова бірінші тоқсандағы жетістіктері мен проблемалары туралы баяндама оқыды. Оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындаудағы әдіс-тәсілдер туралы Жайықбаева-баяндама жасады. Сабақтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары және жас мамандармен жұмыс туралы да кеңінен талқыланды. Мақұлбекова А., сыныпта зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың кәсіби дамуы үшін жас мамандармен жұмыс жасау әдістемесі туралы әңгімеледі. Күн тәртібінің бұл құрылымы әдістемелік кабинет қызметінің негізгі аспектілерін талқылауға және білім беруді дамытудың маңызды бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Т.Маменов- М.Қашғари атындағы мектеп-лицей директорының орынбасары; Кітапхана жұмыстарының барысы туралы М.Ерназарова-әдіскер кеңеске қатысушылардың пікірі тыңдалып ұсыныс беріліп, қорытындыланды. Аталмыш шара жоғары деңгейде өтті.
Связанные истории
18.11.2024
23184
18.11.2024
21596