Мұғалімдердің білімін жетілдіріп отыру заман талабы. Сондықтан да ұстаздар арасында түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.Түркістан облысы Кентау қалалық білім бөліміне қарасты №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінде бірінші әскери-технологиялық пән мұғалімдері арасында Кентау қалалық білім басқармасымен бекітілген 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспар бойынша арнайы сайыс ұйымдатырылды. Бұл сайыста әскери-технологиялық дайындық саласында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар мен тапсырмалар қамтылды. Оған оқу бағдарламаларын жаңарту, заманауи әскери-техникалық құралдарды пайдалана отырып практикалық сабақтар өткізу, әскери спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бар. Жылдық жоспарда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа әдістеріне оқыту және әскери-техникалық білім беру саласындағы біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар да қамтылады. Аталмыш сайысқа Кентау қаласының білім бөліміне қарасты әскери жетекшілері 40 жасқа дейінгі және 40 жастан жоғары болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Олар АК-74 оқулық қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан,10 метр қашықтықтан пневматикалық қаруынан оқ ату, шығармашылық тақырыбын презентация жасап қорғау, тест орындап өз-ара сайысқа түсті. Сайыс Сайыстың қорытындысы бойынша 40 жастан жоғары әскери жетекшілер 1-орын №1 Ы.Алтынсарин мектеп лицейінің әскери жетекшісі Камалов Сурьат. 2-орын №6 А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Майшиев Қанат 3-орын Қарнақ жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Султанов Вахид жұлделі орындарға ие болды.
Связанные истории
18.11.2024
22622
18.11.2024
21301