Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы білім ошақтарының білімгерлері түрлі байқауларда бағы жанып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Сұлтанбай Әсел «Языковые загадки: фразеология с названиями частей тела в двух языках» тақырыбында ( жетекшісі Айтуарова Айнұр) жоба қорғап жүлделі I орын иеленіп, облысқа жолдама алды. «Зерде» республикалық ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңіне жолдама алу оңай емес. Мұндай байқауға қатысу Сұлтанбай Әселдің таланты мен еңбекқорлығын дәлелдеп қана қоймай, білім берудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Олар ұсынған жоба лингвистикалық фразеологизмдерді зерттеудің өзіндік ерекшелігі мен интеллектуалды тәсілін айқын көрсетті. Аудандық кезеңнен кейін облысқа бару Сұлтанбай Әсел мен оның жетекшісіне өз жұмыстарын кең деңгейде ұсынып, басқа да талантты қатысушылармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.