Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің директоры Н. Алипбековтың басшылығымен «Тағам өнімдерін өндіру және тамақтандыруды ұйымдастыру» кафедрасына қарасты «Наубайшы» құзыреттілігі бойынша колледж ішілік «Үздік наубайшы — 2023» іріктеу сайысы өтті. Оған 1-4 курс студенттері арасынан 8 –білім алушы қатысты. Берілген тапсырмалар бойынша білім алушылар тапсырмаларды орындап шықты. Бұл студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған тамаша шара болды. Мұндай байқауларға қатысу студенттерге нан пісіру саласындағы өз шеберліктері мен дарынын көрсетуге, сондай-ақ әріптестерімен бәсекеге түсіп, сарапшылардан өз шеберліктерінің бағасын алуға мүмкіндік береді. Байқауда студенттерге берілген тапсырмаларды орындау олардың кәсіби мәселелерді шешуге дайындығын, сондай-ақ дайындық деңгейін және наубайхана өндірісінің талаптарын түсінуін көрсетеді. Мұндай шаралар дарынды студенттерді қолдауға және олардың кәсіби өсу мен дамуға деген ұмтылысын ынталандыруға көмектесері сөзсіз. Байқау оның барлық қатысушыларына көптеген жағымды эмоциялар мен тәжірибе әкелді, ал жеңімпаздар еңбегі мен шеберлігі үшін лайықты баға мен ынталанары сөзсіз. Студенттер алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып өз біліктіліктерін дәлелдеді. Қаладағы кондитерлік жүйелердің мықты маманжарынан сабақ алып, білімдерін жетілдіруде. Түрлі кондитерлік тәттілердің сан алуан түрін пісіріп, әділқазылар алқасының назарына ұсынды. Дәмі тіл үйірер тәтті нандар бірінен бірі өтеді. Нағыз наубайшының қолынан шыққаны көрініп тұр. Сондай ақ аталмыш оқу орнында «Үздік аспаз» байқауы да ұйымдастырылды. Қолынан бал тамған аспаздар дәмі тіл үйірер небір тамаша тағамдар пісірді. Олар нағыз өз мамандарынына тәлім алып жатқандарын осылайша дәлелдеді.
Связанные истории
18.11.2024
22748
18.11.2024
21368