Биыл Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтің туғанына 130 жылдығына орай өңірде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан обылысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде ,,4″б» сынып жетекшісі Акімбаева Құрбанкүл «Мағжан Жұмабаевтің туғанына 130 жыл» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақ келесі мақсаттарға жетуге бағытталды: Оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті ояту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ барысында Әкімбаева Құрбанкүл оқытудың әртүрлі әдістерін қолданды, соның ішінде: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме, Ақын өлеңдерін оқу, талдау. Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетіндегі орнын талқылау. Ақын туралы деректі фильм көру.
Құрбанкүл Әкімбаеваның ашық сабағын әріптестері мен оқушылары жоғары бағалады. Қазақ әдебиетін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді пайдаланудың үлгісі болды. Аталмыш бағыттағы сабақты өткізудегі мақсат — жыр пырағы- Мағжан Жұмабаев туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанырындағы еңбектерінен мағлұмат беру, ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным-біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру , ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, сұраққа жауап беру, ойлау шеберлігін дамыту болып табылады. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев шығармашылығын үлгі ете отыры , отансүйгіштікке, сұлулыққа тәрбиелеу де басты мақсаттардың бірі. Бұдан кейін, Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде «Күз – байлығым, берекем» атты тақырыбында онкүндік өтті. Химия және биология сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Химия және биология сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы келесі жұмыстар жүргізілді: Зертханалық жұмыстар. Практикалық сабақтар. Семинарлар.
Конференциялар. Оқушылар жаратылыстану пәндері бойынша түрлі сайыстар мен олимпиадаларға да қатысты. «Күз – байлығым, берекем» онкүндігі оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, маңызды іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың тиімді алаңына айналды. Сабақта ақпараттық технологияны қолдану оқу үдерісін қызықты әрі интерактивті етті. Оқушылар әртүрлі сандық ресурстарды пайдалану мүмкіндігіне ие болды, мысалы: Электрондық оқулықтар. Бейне сабақтар. Симуляторлар. Онлайн тесттер. Бұл оларға күрделі ғылыми ұғымдарды жақсырақ түсінуге және олардың зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Сондай-ақ іс-шара оқушылардың өз біліміне және болашақ кәсіптеріне деген жауапкершілік сезімін дамытуға көмектесті. Олар заманауи әлемде табысқа жету үшін ғылыми білім мен дағдылардың маңыздылығын түсінді. Мұндай онкүндіктер білім сапасын арттыру мақсатында аталмыш мектепте ұдайы өткізіліп тұрады. Бұл жолғы онкүндіктің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта алғыр да білімді шәкірттер мұндай шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысары анық.