Түркістан облысы, Шардара ауданы, М.Әуезов атындағы мектепте мектепті тиімді басқару жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жас аналар мен жоғары сынып оқушылары үшін іс-шаралар өткізілетін «Әжелер мектебі» құрылды. «Қызым саған айтам, келінім тыңда» атты дөңгелек үстелде әжелер жас ұрпаққа өз тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Отбасылық дәстүр, имандылық, бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, оларға құнды білім мен өмірлік тәжірибені сіңіруде әжелер маңызды рөл атқарады. Олар даналық пен үлгі-өнегенің қайнар көзі. «Әжелер мектебі» жобасы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға көмектеседі. Әжелер-қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Отбасындағы дәстүр мен тәлім тәрбиенің шамшырағы, даналықтың бастауы, үлгі мен өнегенің таптырмас қазынасы әжелер мектебінің жұмысын жандандыра отырып, мектептің тәрбие жұмысына ендіру, келер ұрпаққа ұлағатты тәрбие бере отырып, ұлтжанды ұл, қызықты қыз тәрбиелеу. Бұдан бөлек , Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп» 2023-2024 оқу жылында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» тақырып аясында «Бала құқығы- асыл қазына» 5-6 сынып арасында эссе байқауын қазақ тілі пән мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Оқушыларға балалардың құқықтарын қорғау және олардың дамуы мен тәрбиесі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы туралы ой қозғайтын эссе жазу ұсынылды. Эссе байқауы оқушылардың назарын балаларды қорғау мәселелеріне аудару, олардың бойында болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезімін ояту және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған. Эсседе оқушылар өз ойларын ашық жазды. Жоғары сынып оқушылары арасында «Тегін оқыған текті елдің ұрпағымыз!» атты этноұлттық байқау өтті. Байқауда оқушылар қазақтың дәстүрлі және заманауи киім үлгілерін көрсетті. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық мақтаныш сезімін ұялату, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау және дамыту болды. Оқушылар қазылар алқасына қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын бейнелейтін жұмыстарын ұсынды. Байқау жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және тарихи тамырлармен байланысын нығайтуға ықпал етті.
Связанные истории
23.12.2024
3695