Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты №34 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте «Мамандығым – болашағым» тақырыбында семинар өткізілді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу шын мәнінде үлкен де жауапты міндет екенін ұғынғанымыз абзал. Жастарды болашаққа дайындап, білікті маман етіп өсіру ел дамуында басты рөл атқарады. Білім жеке және ұжымдық табысқа жетудің негізі болып табылады. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие жастардың болашағын құруға, біліктілік пен қабілеттерін дамытуға, қоғамның өркендеуіне ықпал етеді. Мектеп түлектерінің білікті маман ғана емес, сонымен қатар жауапты шешімдер қабылдауға және қоршаған әлемге өзгерістер енгізуге қабілетті белсенді азамат болуы маңызды. Бұл семинарлар оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жақсы түсінуге көмектеседі және олардың болашағын жоспарлауға көмектеседі. Өскелең ұрпақты жаңа белестерге, биік белестерге жетелейтін осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін. Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері Есенбаева Ұлжан Бақытқызының басшылығымен семинар жоспарына сай бірнеше баяндама оқылды. Арнайы ашық сабақтар ұйымдастырылды. Ә. Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінің педагог-психологы А.Исаева тренинг өткізді.
Связанные истории
18.11.2024
21528
18.11.2024
20039