Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты барлық мектеп ұстаздары оқушылардың білімін шыңдау мақсатында әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Соның арқасында бүгінде ауданда білім нәтижесі жоғарылап келеді. Жуырда Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігіне орай бастауыш сынып мұғалімі Майлыбаева Нағима Қарсыбайқызы, қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталмыш сабақты өткізудег мақсат — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына қарай сәйкес тыныс белгілерін қолдану болып табылады. Бүгінде ұстаздар қауымы ескірген жүйеден арылып, сабақты жаңаша заманауи бағытта өтетіні белгілі. Бұл өз кезегінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында: «Су ли фа » әдісі арқылы өткен сабақ пысықталды. «Пазл құрастыр» әдісі арқылы хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруды және тыныс белгілерді дұрыс қоюды меңгерді. Бұл грамматикалық қателіктер жібермеуді үйрететін тиімді әдіс болып табылады. Бұдан кейін жұптық жұмыс ұйымдстырылды. «Ойлан, жұптас» әдісі арқылы бір-бірімен планшетке жазбаша диалог құрастырып хабарлы және сұраулы сөйлемдер жазды. Оқуышлардың сабақтан алары мол болды. Ал кері байланыс бойынша «Алма ағашы» әдісі арқылы алынды. Мұндай сабақтар оушыларға өте ұнайтынын айтады. Ойын түрінде өткізілетін сабақ оқушыының ойында жатталып қалатыны белгілі. Сондай ақ, Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде «Ақиқат ұшқыны» дебат клубының мүшелері «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында он күндік іс- шара аясында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дебат өткізді. Жастарды теріс жолдан құтқарып қалуда алдын алатын мұндай жұмыстардың берері көп. Аталмыш дебат барысында есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зияны әсері, өкінішке ұрындырар,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берілді. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге үндеді. Бұдан бөлек, Т.Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінде жайдарман ойындары өтті. Қызықты ойын барысында «Қазығұрт қырандары» командасы жайдарман жеңімпаздары атанды. Ұтқыр ойларымен, тапқырлықтарымен жеңіске жетті команда. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту, олардың бойында отаншылдық сезімді ояту мақсатында ұйымдастырылған Жайдарман ойынында мектептің «Қазығұрт қырандары» командасы 2- дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталмыш команда Жайдарман ойындарында ұдайы жеңісті қолдан бермей жүр. Бұдан бөлек, Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 2 «Е» сынып мұғалімі Жантасова Ақбала Калдыбайқызы ашық сабақ өтті. «Мәтін және оның түрлері» атты ашық сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтады. Сабақтың барысында топтық, жұптық және саралау тапсырмалары орындалды. Сабақта «Әуе шары», «Қыл қалам», «Адасқан мәтін ережелері», «Дұрысын тап», «Доп қимыл», «Ақылды үкі» әдістері тиімді қолданды. Қызықты етіп ұйымдастырылған шара барысында оқушылар өте белсенді қатысты. Олар өздеріне сабақтың жеңіл әрі жақсы түсінгендерін айтты. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Бұдан кейін, Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 1 «А» сынып мұғалімі Мыктыбаева Жанардың әліппе пәні сабағынан көрініс. Сабақтың тақырыбы: Іі дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрау. Буындап, тұтас, мәнерлеп оқу. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою. Сабақтың барысында топтық, жұптық және саралау тапсырмалары орындалды. Сабақта «Кім жылдам?» «Жоғалған әріп» ойындары және «Суреттер сөйлейді» әдістерін тиімді қолданды. Өте қызықты етіп ұйымдастырылған шара барысында оқуышлар белсенділік танытты.