Білім ошақтарында өтіп жатан онкүндіктердің берере пайдасы көп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп -гимназиясының педагог-шебер ұстаздарының онкүндігі өткен болатын. Осы онкүндік аясында мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Байбосынова Нағима “Адалдық -адамдықтың белгісі” тақырыбында 10 “А” сынып оқушыларына танымдық сабағын өткізді. Танымдық сағаттын пайдасы өте мол. Ұстаздың оқу мен оқытуда білім сапасын арттыру мақсатындағы жаңа форматта қолданған әдіс- тәсілдері оқушылардың қызығушылығын арттырған шебер сабақ үлгісі еді. Білікті ұстаздың берері көп. Аталған сабақ аясында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын, сабақ барысында танымдық мақсатта қолданған бейнежазба арқылы, «Ақылды ойлар» атауындағы ойын түрімен оқушылардың сөйлеу, өз пікірін айта білу дағдыларын арттырған және тақырыпқа сай адами қасиеттерді түсіндірген сабақ болды. Бүгінгі жастар жасырары жоқ ойын еркін жеткізетін, еркінойлы жастар. Сондықтан да мұндай сабақтардың берері мол. «Блум түймедағы» бойынша сұрақ қоя білуі балалардың ой танымы мен тұжырым жасаудағы білімін көрсетті. Бұл тұжырымның оқушы білімне қосар пайдасы көп. Сондай-ақ, оқу сауаттылығын байқауға бағытталған тапсырма «Шынжыр» ойын түрінде екі топта орындалды. Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа біріктіре білген қызықты әдіс болды. Әрбір тапсырманы әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы орындаған шәкірттер сабақ соңында өздерінің ой қорытындысын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетіп, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» тәсілдерімен өзін-өзі және өзара бағалай білді. Оқушылар сабақ соңында берген кері байланыс пікірінде сабақ бойынша шынайы, еркін ойларын жеткізді. Өте қызықты өткен сабақ алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.