Ұлттық ойын ойнап өскен баланың ұлттық құндылыққа деген құрметі жоғары болады. Осы орайда өңірде мектептерде түрлі бағыттағы іс шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық білім беру мекемелерінің 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық» және «Асық ату» түрінен аудандық кезеңі болып өтті. Аталмыш шара «Ұлттық мектеп лигасы» шарасы аясында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат — ұлттық ойындар арқылы балалардың, ептілік, дәлдікке, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету және балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау болып табылады. Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты білім ошақтарының түрлі сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойыны аудандықкезеңін кезеңін өткізу – тамаша бастама. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ептілікке, ұқыптылыққа, зеректік пен байыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұл шараның мақсаты өте маңызды. Мұндай іс-шараларға қатысу балалардың физикалық және ақыл-ой дағдыларын дамытуға көмектеседі, командалық рух пен салауатты бәсекелестік рухын қалыптастырады. Мұндай бастамалар балалардың физикалық дамуына септігін тигізіп қана қоймай, ұлттық ойындарға қатысу арқылы ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті сақтауға және жеткізуге ықпал етеді. Осындай іс-шаралар жалғасын тауып, аудан балаларына пайдасын тигізері анық. Бұдан кейін, Бәйдібек аудандық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында спорттың үстел теннисінен түрінен аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау. Бір қуантарлығы, мұндай шаралар балалар арасында салауатты өмір салтын сақтау, келеңсіз құбылыстардың алдын алу мақсатында өткізіліп жатыр. Спорттық іс-шараларға қатысу балалардың бойында ептілік, дәлдік, зерделілік және тіпті патриотизм сияқты әртүрлі қасиеттерді дамытуға көмектеседі. 5-6, 7-8 және 9-11 сынып командаларын облыстық кезеңдегі жеңістерімен құттықтаушылар көп. Аймақтық жарысқа қатысу спорттық шеберлік пен бәсекеге қабілетті көрсетуге тамаша мүмкіндік болады.
Связанные истории
18.11.2024
19626
18.11.2024
18664