Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының Білім бөліме қарасты барлық мектептерде мұғалімдердің біліктілігін, білімін арттыруға қатысты түрлі байқаулар, іс шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралардың берері көп екені белгілі. Жуырда ауданның білім бөлімінінің жылдық жоспарына сәйкес, Қайнар жалпы білім беретін мектеп базасында аймақтық «Өнерлі ұстаз» байқауы өтті. Бұл байқау педагогикалық-психологиялық сауаттылық, шығармашылық талантын анықтау және ұстаздардың тарихи танымдылығын арттыруға арналған. Бұл түріндегі байқаулар арқылы, мұғалімдердің білімі, педагогикалық мәдениеті мен өзара әрекеттесу жүйесі туралы байқаудың орындалуын бағалау мүмкіндігі бар. Бұл жүйе педагогикалық қызметкерлердің жаңа тәжірибелерін алуға, олардың әрекеттесуді дамытуға және жаңа оқу-әдістемелерді жетілдіруге көмектеседі. Байқауға қатысушы ұстаздар өз өнерлерімен, шығармашылықтарымен, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алғаны тамаша. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің тәжірибе алмасуына ықпал етіп, білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді және одан әрі дамуға шабыт береді.
Болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, халыққа жаңғырған білім беру ісінде өз тәжірибесімен бөліскен үздік ұстаздар қандай мақтауыңызға да лайық. Облыстық байқауға жолдама алу – олардың еңбегінің лайықты бағасы, білімге деген адалдығы және кәсіби өсуге деген ұмтылысы. Мұндай байқауларға қатысу озық педагогикалық тәжірибелерді көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жалпы білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ педагогтар арасында пікір алмасу, ынтымақтастық және өзара шабыттандыру үшін қолайлы жағдай жасайды. Облыстық байқауға қатысушылар жетістіктер мен жеңіспен оралары анық. Өйткені дайындықтары мықты. Іс-шарада алған тәжірибелері мен білімдері олардың жұмысында бұдан да табысты болуына пайдасын тигізері анық. Алдағы уақытта мұғалімдердің біліктілігін шыңдайтын мұндай байқаулар жалғасын табары анық. Білімді ұстаздардың алар асуы әрқашанда биік.
Связанные истории
18.11.2024
19249
18.11.2024
18363