Ұлттық құндылықтарды дәріптеу ұлттық ойындарды жаңғырту мәселелеріне бүгінде жан бітіп келеді. Мектептерде, бала бақшаларда ұлттық ойындарымыз дәріптеліп жүр бүгінде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “І.Есенберлин атындағы №54 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 «Ә»сыныбында сынып жетекшісі Кысабекова Жанат «Асық ойыны» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мұндай бағыттағы ұлттық ойынды дәріптеудегі мақсат — оқушыларды ұлттық ойындардарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мәдини құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу болып табылады. Қазақтың ұлттық ойыны асықты ойнау ережесімен таныстырды. Бұл оқушылардың ұлттық ойындар мен мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тамаша оқу іс-әрекеті сияқты. Мұндай іс-шаралар ұлттық бірегейлік пен өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Жанат Қысабекова білім саласына ғана емес, оқу-тәрбие үрдісінің маңызды саласы болып табылатын оқушы тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлетін білікті ұстаз. Сондықтан да оның сабағына қызыға қатысуышлар көп. Бұл тамаша іс-әрекеттің ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырумен қатар, балалардың физикалық және психологиялық дамуына да пайдасы бар. Асық сияқты жылдам ойын шын мәнінде жүйке-бұлшықет жүйесін жаттықтырады және оқушылардың сезімталдығын жақсартады. Балаларды ынталандыру және сыныпта жағымды орта құру үшін мұғалімнің ынталандыруы мен кері байланысы да өте маңызды. Бұл әдістер физикалық дағдыларды дамытуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын арттырады.
Связанные истории
18.11.2024
19372
18.11.2024
18532