Әлеумет «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өтті Редактор 26.11.2023 33032 1 оқу мин Білім ошақтарында оқушыларға арналған мәдени іс шаралар өткізудің маңызы зор. Мұндай мәдени шаралар оқушылардың рухани әлемін дамытуда алар орны ерек. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде 20-24 қараша аралығында «Сынып жетекшілер апталығы» ұйымдастырылған болатын. Осы шара аясында 8-10 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өтті. Аталған шара жан жақты жоспарланған. Байқау шарты бойынша «Өзін-өзі таныстыру», «Сұрақтарға жауап беру», «Сән үлгісін көрсету», «Қолөнер көрмесін дайындау», «Өз өнерін көрсету» шарттары бойынша бақтарын сынады. Осы байқауда сынға түскен сайыскерлер бар өнерлерін ортаға салды. Кіл мықтылар жарыс та оқ бойы озып келгендер жүлдеге ілікті. Байқау қорытындысы бойынша І орын: 8 «А» сынып оқушылары Мұрат Әскербек пен Сайлау Қазына ІІ орын 9 «А» сынып оқушылары Көпеш Құдайберген мен Қаржау Оразгүл, 9 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенбек Асанәлі мен Қырымгерей Қарақат иеленді. Ал ІІІ орын 10 «Ә» сынып оқушылары Сайын Әлихан мен Көбеген Алима, 10 «А» сынып оқушылары Сәрсеналы Азамат пен Нұрғабыл Сабина, 8 «Ә» сынып оқушылары Ұзақбай Шыңғыс пен Батырхан Әсемай жеңіске жетті. Аталған шараны мектептің аға тәлімгері Ш.Махмудова ұйымдастырған болатын. Білікті ұстаздың жобасы бойынша байқау барынша қызықты да тартысты өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21959 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 28424 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33952