Әлеумет Ұлағатты ұстазға құрмет Редактор 26.11.2023 18624 1 оқу мин Көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздардың еңбегі қандай құрметіңізге де лайық. Көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздарды құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салу үрдіске айналып келеді. Олай етудің де жөні бар. Өйткені қаншама жылдарын бала тәрбиесіне сарп еткен ұстаздар қандай құрметіңізге де лайықты. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде ұлағатты ұстаз, білім саласының үздігі Касанова Роза Нұржаханқызының зейнетке шығу құрметіне орай «Ұлағатты ұстазға құрмет!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар ұстаздарны зейнетке шығуын қимағандай да. Өйткені қаншама талантты шәкірттерінің қанатын қатайтып, ұясынан ұшырған ұстазға деген құрметтері шексіз. Ұстаздық қызметін қалытқысыз атқарып, ерен еңбегімен таныла білген әріптестің өмір жорлымен танысудан бастау алған кеш ұжымдастардың ізгі тілектері мен оқушылардың концерттік қойылымдарына ұласты. Кеш барысында мектеп директоры Татібаев Тұңғат Серікұлы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оралбаев Құламан Орынбасарұлы мерейтой иесін мектеп ұжымы мен аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті атынан құттықтап, Алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыс етті. Осы уақытқа дейін қаншама шәкірт тәрбиелеген ұстазға деген құрмет ерекше болды. Оқушылар мерекелік кешке жоғары деңгейде дайындалған. Мектеп оркестрі күмбірлетіп күй шертіп, әуелете ән салып кештің шырайын келтірді. Тәжірибелі ұстазға жас әріптестері қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық жұмысы туралы өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Мұғалімдіктің қызық та қиын жолында қаншама тер төгудің қажет екендігін бағамдады. Ұлағатты ұстаз өз білгендерін барынша бөлісті. Жас мұғалімдерге барынша төзімді, еңбекқор болуға шақырды. Шара соңында мерейтой иесі Роза апай барлық әріптестер мен кеш қонақтарына ізгі тілек пен құрметтері үшін шынайы алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 10.04.2025 21322 Шымкентте виртуалды нөмірлерді қолданумен жасалған қылмыстық схема тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте виртуалды нөмірлерді қолданумен жасалған қылмыстық схема тоқтатылды 08.04.2025 26194 Турксіб ауданы комьюнити орталығының резиденттері таза қаланы таңдайды 1 оқу мин Әлеумет Турксіб ауданы комьюнити орталығының резиденттері таза қаланы таңдайды 07.04.2025 30373