Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы білім бөлімінің «І. Есенберлин атындағы мектебі түрлі іс шаралар өткізуде әрдайым көш басында. Аталмыш білім ордасы ұдайы ашық сабақтар өткізіп отырады. Мұның бәрі оқушылардың білім деңгейі мен тәрбиесінің іргетасын нықтау мақсатында өткізілуде. Аталмыш мектепте «Сәлем-сөздің анасы!» тақырыбында М. Аширова және Қ. Рүстемовтың ұйымдастыруымен сынып жетекшілер апталығының ашылуы өтті. Алдын ала сынып жетекшілер апталығының жоспары түзілген болатын. Сол бойынша рухани адамгершілік тәрбие бағытындағы апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді. Ашылу салтанатында бастауыш сынып жетекшілері ұлттық құндылықтарды ұлықтау үшін ұлттық киімімізді киіп, күй шертіп, ән айтып, ұмыт болған салт-дәстүрден сұрақтар қойды. Рухани-адамгершілік тәрбие сияқты терең тақырыптағы сынып апталығын ұйымдастырудың оқушылардың құндылықтарын қалыптастыру және оқу-тәрбие процесінің рухани құрамдас бөлігін нығайту үшін маңызы зор. Бастауыш сынып жетекшілері ұлттық киімдерін киіп, ұлттық би, ән мен ұлттық салт-дәстүрге қатысты сұрақтардан тұратын іс-шара өткізді. Бұл мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар студенттерге өз тарихын, салт-дәстүрін және ұлттық құндылықтарын жақсы түсінуге және бағалауға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар мектепте ерекше атмосфераны құруға көмектеседі, онда оқушылар мен мұғалімдер өзара жылылық пен өзара түсіністікті сезіне алады. Ол сондай-ақ білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қолайлы білім беру ортасын құра отырып, студенттер мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Руханиятты, мәдени мұраны дамытуға және оқуышлар мен ұстаздар арасындағы рухани байланысты нығайтуға үлес қосатын мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз. Кеш өте қызықты өтті. Арнайы құрылған жоспар бойынша сынып жетекшілері мен оқушылары қызықты ой қозғау сұрақтарын қойып, дұрыс жауап берген ұстаздар мен оқушыларға ынталандыру сыйлықтарын ұсынды. Жоғары сыныптың жетекшілері мен оқушылар «Дұрыс тамақтану» айдарын өткізіп, денсаулыққа пайдалы дүниелер жайында ақпарат беріп табиғи тамақтану рецептерін ұсынды. Дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Сынып жетекшілердің үйлестіруімен 1-11 сыныптар арасында «Менің сыныбым» фото-монтаждардың жасалуы кештің шырайын келтірді. Сынып жетекшілер апталығының соңында «Ең үздік сынып жетекші» анықтау жоспарланған болатын. Барлық сайыста озып шыққан озат сынып жетекшісі де анықталды. Қызықты кештер мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Бұдан бөлек, аталмыш мектепте ауқымды түрде «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылды. Осы мереке барысында «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2023» атты күзгі бал сайысы болып өтті. Сайысқа 7-8 және 9-10 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа 6 кезең бойынша 4 жұп қатысты. Сайыс кезеңдері бойынша өзін таныстыру, өнерлі өрендер, қызықты көрініс, білімді мыңды жығар, ас мәзірі, күзгі Сән үлгісі бойынша сайысқа түсті. Оқушылардың барлығы да сайыста бар өнерлерін салды. 7 «А» сыныптан Смайл Рамазан мен Батырхан Аяла, 7 «Ә» сыныбынан Джайлау Аян мен Бозорбай Нұржайна, 8«А» сыныбынан Пердебек Али мен Пердебек Каусар, 8 «Ә» сыныбынан Келдібай Ерзат пен Шарыпхан Мерей қатысты. Барлығы да бас жүлдеге лайықты-ақ. Бірақ жарыстың аты жарыс. Нағыз мықтылар ғана жеңіске жетеді. Бас жүлдені Келдібай Ерзат пен Шарыпхан Мерей, І орынды Жайлау Аян мен Бозарбай Нұржайна, ІІ орынды сыныбынан Пердебек Али мен Пердебек Каусар, ІІІ орынды Смайл Рамазан мен Батырхан Аяла иеленді.
Связанные истории
18.11.2024
19267
18.11.2024
18440