Студенттер арасында түрлі тренингтер өткізудің тиімділігі жоғары. Бүгінгі жастар түрлі семинарлар мен тренингтерден толымды білім алып жүр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының жастары мен психологтары колледж студенттерімен «Жарқын жастық-жарқын болашақ» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтер мен семинарлар жеке тұлғаны дамытудың, өзін-өзі танудың, коммуникативті дағдылар мен мәселелерді шешудің маңызды құралы болып табылады. Тренингтің «Жарқын жастар – жарқын болашақ» тақырыбы шабыттандыратын және өзекті екені рас. Ол жастардың қоғамның қозғаушы күші және болашақты қалыптастырудағы негізгі элемент ретіндегі маңыздылығын атап көрсетеді. Мұндай іс-шаралар студенттердің қоғамдағы рөлін түсінуге, мақсаттар мен міндеттер қоюға, көшбасшылық және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Психологтардың тренингке қатысуы да маңызды рөл атқарады, өйткені олар студенттерге эмоцияларын түсінуге, күйзеліс пен жанжалдарды тиімді басқаруды үйренуге және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Тренинг оқуышларға жаңа білім, шабыт пен алға қойған мақсаттарына жетуге мотивация әкеледі.
Тренинг барысында біртұтас команда моделін қалыптастыру топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту қарастырылды. Сондай-ақ, 23 қараша күні Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының жастары мен психологтары колледж студенттерімен тимбилдинг пен психологиялық ойындар өткізді. «Team building» — бұл әлеуметтік — психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Тренинг өте қызықты өтті. Студенттер аталмыш шараға белсене қатысты.