Соңғы әлетте Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық тілдерді дамыту орталығы тіл саясатын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Соның бірі жуырда өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ауданның аралас мектептерінің өзге этнос жастары арасында өткізілген «Менің Отаным-Қазақстан» атты тақырыбында шығарма жазу байқауын ұйымдастырды. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жастардың шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау, оқушылардың өз отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге бағытталған шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Оқушылар аталған шараға белсене қатысты. Байқауға түскен шығармалардың шынайылығында шек жоқ. Оқушылар барынша бейнелеп, терең талдап жазған шығармаларын. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Фузайлова Мухлиса, ІІ орынды Н.Төреқұлов аындағы №13 ЖББМ оқушысы Фрейндорф Мария , ІІІ орынды Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бабаева Гаухар және Ю.Гагарин атындағы №53 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сайфурова Холида иеленді. Шығарманы керемет жазған оқушылар назардан тыс қалған жоқ. Олар Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Связанные истории
18.11.2024
31497
18.11.2024
29265