Білімнің іргетасы бастауышта қаланатыны белгілі. сСондықтан да бастауыш сыныптарда берілетін білім сапасы назардан тыс қаллмауы тиіс. Осы орайда жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы «А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш пән әдіс бірлестігінің әдістемелік кеңесінің отырысы болып өтті. Білім сапасы басты назарға алынды. Күн тәртібіндегі мәселелер хабарланып, талқылауға мақұлданды. Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Нұрмаханов биылғы оқу жылының ерекшеліктері мен жаңаша өзгерістеріне тоқталып өтті. Жаңаша әдістердің жаңа қырларын атап өтті. Алдағы уақытта білім саласында атқарылатын жұмыстарға шолу жасады.Жаңаша леп, жаңа әдістер туралы әңгімеледі. Бүгінде сонымен қатар мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру да басты назарда тұр. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Кәріжан мен М. Жұмашова Лессон Стади бойынша білім жетілдіру курстарынан үйренген, жаңа білім шараларымен білген ақпараттарымен бөлісіп, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үйретері көп, үйренері одан да көп жаңашылдыққа жаны құмар жас мұғалімдер оқу үдерістерін үйренуге тырысты. Аталмыш жиын барысында бастауыш сыныптарда құрылған Лессон Стади топтарының жұмыстары талқыланды. Бастауыш пән әдіс бірлестік жетекшісі А.Кәріжан бүгінде көптеген жұмыстарды үйлестіріп отыр. Бұдан бөлек, аталмыш мектепте түрлі бағыттағы іс шаралар легі үзілмейді. Жуырда 2023-2024 оқу жылында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Алаш қозғалысының қайраткері,ақын,қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Жақұтты барға жасын түспейді» балалар кітапханасының жобасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерімен бірлесе отырып «Алаштың сөнбес жұлдызы Мағжан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Айтулы жазушының шығармалары талданып, мазмұндарын айтты. Бұдан кейін, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Қойшыбаева Мақпалдың ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы қоғамдық тәртіп негізінде «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында пікірталас өтті. 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын»іске асыру бойынша мектепте «Жас Сарбаз»қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Ертеңім-елім менің» әскери патриоттық әндер байқауы өтті. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде аталған шаралардың берері көп. Әскери жетекші Жұмат Сыдыков пен музыка пәні мұғалімі мұғалімі Каракоз Оспанова қазылық етіп оң бағасын берді. Оқушылар патриоттық бағыттағы әндерді әуелете шырқап, бар өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша Сәкенқызы Алина, Абдулла Ерұлан мен Байсақ Айша «Алғыс хатпен», Маратұлы Марон 3 орын, Сейдехан Ариана 2 орын және де Серік Жібек 1 орынмен марапатталды. Олардың барлығы да лайықты марапаттар. Мұғалімдер оқушыларға елдің патриоты болуға, оны қорғауға атсалысып, еңбек етуге, білім алуға шақырды. Алдағы уақытта да осы бағыттағы іс шаралар жалғасатын болады.