Бүгінде білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру мақсатында түрлі жиындар ұйымдастырылуда. Оған мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, орталықтандырылған есеп бөлімшесінің есепшілерінің қатысуда. Жуырда осы бағыттағы жиынға Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің превенция басқарма басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Әсетұлы, Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Тангатаров Азамат Асылбекұлы және Фаворит «Helios-soft» ЖШС, «1С» «Азия-сервис» ЖШС өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар мәселені жан жақты талқылап, ойларын талқы қаразысына салды. Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасының негізгі мақсаты – бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу болып табылады.
Жиында білім беру ұйымдарында қаржылық есеп пен есеп беру процесін жеңілдететін және жеделдететін жаңа цифрлық есеп жүйесін енгізу жайы талқыланды. Сондай-ақ қызметкерлерді жаңа бағдарламалар бойынша оқыту және жаңа жүйеде жұмыс істеу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да назардан тыс қалған жоқ. Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 62 мекеме 2023 жылдың сәуір айынан бастап Favorit бұлтты бухгалтериясында жұмыс жасауда. Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы жауапты мамандардың Favorit бұлтты бухгалтериясын меңгеруі және жұмыс жасау дағдылары сараланып, зерделенді. Favorit бұлтты бухгалтериясында қауіпсіздік деңгейін жетілдіру бойынша Фаворит «Helios-soft» ЖШС өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, білім басқармасының бөлім басшысы А.Тангатаров жиын барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Облыстан келген мамандар аудандық білім бөлімі мен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарында жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.