Көпті көрген көнекөз қариялардың нақылы да, ақылы да бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Сондықтан да мектептерде қыз тәрбиесіне баса назар аударылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы №60«Қызылқұм» жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде»Әжемнің әңгімесі» атты іскерлік сабағы өтті. Аталмыш шара «Қыздарға 100 кеңес» «Әжелер кеңесі – ұлағат мектебі» тақырыбына орай өткізілді. Іс-шараны қыздар ұйымының жетекшісі Сұлтанова Ғалия және мектеп психологы Урбасова Кенжегул бірлесіп, ұйымдастырды. Шараға «Қосқұдық » ауылының көпке сыйлы ақ жаулықты аналарды шақырып, оқушы қыздарымен өткізілген кездесуде халықтық педогогиканың асыл қазыналары айшықталды. Іс-шарада қыздарға үлкенді сыйлаудың маңыздылығы, өз-өзіне сенімді болу, шешім қабылдау және ересек өмірге дайындалу туралы айтылды. Өзін-өзі дамытуға, оқуға, басқалармен қарым-қатынас жасауға кеңестер берілді. Шараға қатысушылар әжелерінің әңгімелерін ықыласпен тыңдап, осы тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Нәтижесінде барлық қатысушылар олардың жеке дамуы үшін көптеген пайдалы ақпараттар алды. Іс-шара қыздар үшін өте тәрбиелік және шабыттандырды, олар көптеген қызықты және болашақтары үшін маңызды нәрселерді білді. Ал аналардың қатысуы да қыздарына алдыңғы ұрпақтың даналығы мен тәжірибесін сіңіре отырып, оларға қолдау көрсетіп, тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екенін көруге мүмкіндік берді. Қыз бала тәрбиесіндегі тағлымы мол үнемшілдікке, имандылыққа, баулитын құрақ құрау туралы Шолпан әжеміз сөз қозғаса, сәукеле туралы танымдық мағлұматтар берді. «Сәлем – сөздің анасы» деп сөз бастаған Бахтыгүл анамыз сәлемдесу әдебі туралы, қазақы камзол және ою-өрнектер мен әшекей бұйымдар жайлы айтты. Оқушыларымыз әжелерімізге арналған ыстық лебізге толы өлең жырларын оқып «Асыл әжем» әнін орындады. Одан кейін сәукеледен қазақтың зергерлік бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді, бұл өте қызықты әрі танымдық болды. Соңында шараның әрбір қатысушысы сәукеледен өз қолымен жасаған әшекей бұйымдарын алды. Осындай құнды білім мен салт-дәстүрді бізге жеткізіп жүрген әжелеріміз бен аналарымызға, күнде көрсетіп жатқан қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты. Олардың арқасында оқуды, өсуді және бізді үлкен жетістіктерге жетуге шабыттандыратын оқу ортасын құруды жалғастыра аламыз деді.
№60 «Қызылқұм» КММ 10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-ананың эмоционалдық құзыреттілігін арттыру, өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, эмпатияға тәрбиелеу тақырыбында «Әдемі мінез – баға жетпес байлық» атты шеберлік сыныбы өтті. Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністікті жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар ата-аналарға олардың эмоцияларын жақсы түсінуге, тиімдірек қарым-қатынас жасауға және баламен сындарлы әрекеттесу үшін маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі. Шеберлік сабағы нәтижелі болды және ата-аналар пайдалы және практикалық білім ала алды. Мұндай бастамалар балалардың үйлесімді дамуына ықпал ететін берік және салауатты отбасы ортасын құру үшін өте маңызды.
Осындай маңызды шеберлік сабағын өткізген 10 сынып жетекшілеріне мың алғыс. Отбасындағы қарым-қатынасты дамытуға, ата-ананың дамуына қосқан үлесіңіз өте зор.