Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп аудандағы оң нәтижелі мектептердің бірі. Ұстаздар қауымы оқушылардың білім дәрежесін көтеру бағытында түрлі шаралар өткізіп тұрады. Жуырда аталмыш мектептің 7-сыныпта «Мектеп – менің отбасым» жобасы аясында «Химиялық элементтер» атты ашық сабақ өтті, химиялық пәнін өткізу оқушыларға білім беруде және олардың химия негіздерін түсінуде маңызды қадам болып табылады. «Қарапайым және күрделі объектілер» тақырыбы оқушыларға элементтер мен қарапайым объектілерді ажыратуға, қарапайым және күрделі заттардың құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Пән мұғалімі Байменова Райханның өткізген сабағының оқушылардың химия пәні бойынша іргелі білімдерін қалыптастыруда маңызы зор. Элементтер мен қарапайым объектілерді ажырату — заттардың құрылымын және олардың қасиеттерін түсінудегі негізгі қадам. Оқушыларды қарапайым және күрделі заттардың құрамын анықтауға үйрету олардың айналамызда болып жатқан химиялық процестерді жақсы түсінуіне және алған білімдерін практикада қолдануға көмектеседі. Мұндай ашық сабақтар жаңа ақпаратты игеріп қана қоймай, талдау және қорытынды жасау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Олар сондай-ақ мұғалім мен студенттер арасындағы белсенді өзара әрекеттесуге, ынтымақтастық пен білім алмасу атмосферасын құруға ықпалдаспақ. Оқушылардың пәндік білімін дамыту, химия пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері яғни, «Пазл», «Коллаж», «Қара жәшік», «Химиялық элементтерді тану», зертханалық тәжірибе және «Flippity» әдісі бойынша топқа бөлу, «Word wall, Joyteka.com» әдістері қолданылды. «Әуе шары» әдісі арқылы топтық бағалау және «термометр» бойынша бағалау жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сондай ақ, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Lesson study» зерттеу сабағы бойынша биология пән мұғалімі Еркараева Кулзада Зертханалық жұмыс: «Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу тақырыбында №2 зерттеу сабағын өткізді. Сабаққа зерттеу топ мүшелері қатысты. Сабақ соңында топ мүшелері өтілген сабақты талдап, келесі №3 сабақ жоспарын жасады. Сондай ақ аталмыш мектепте тағы да «Мектеп-менің отбасым» жобасы аясында 7 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақ әдебиеті пәні бойынша Налибаева Роза Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауы тақырыбында ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ өткізудегі басты мақсат – ақынның шығармашылығымен қатар XYIII ғасыр мен қазіргі Қазақстанның хал-жағдайын сипаттау, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, оқушы бойындағы ұлттық рухты сездіріп,ұялату, өз ойын толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, туған еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу болып табылады. Бұдан кейін мектепте «Мектеп-менің отбасым!» жобасы аясында 7 «А» сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен педагог-зерттеуші Каренова Алия Жақсылыққызы Л.Н. Толстойдың әңгімесі » Кавказ тұтқыны » бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: — Л. Н. Толстойдың «Кавказ тұтқыны» әңгімесінің 3-4 бөлігінің мазмұнын түсіну, қажетті ақпаратты алу; — мәтінді қысқартудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, Л. Н. Толстойдың «Кавказ тұтқыны» әңгімесінің 3-4 бөлігінің мазмұнын жеткізу, 5-6 бөлігіне күрделі жоспар құру, шартты түрдегі болымды және болымсыз етістікті қолдану, оқу мақсатына жетуде мұғалім жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттырды. Оқушылары кейіпкерлердің бойындағы адамгершілік, төзімділік, сыйластық қарым-қатынастарды ажырата білді. Мұндай ауқымы кең сабақтарды көбірек өткізу оқушылардың танымын кеңейтетіні анық. Сондықтан да алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.