Кітап оқудың маңыздылығы жоғары. Жұмысшы болсын, қызметкер, жоғары лауазымды шенеунік болса да ұдай кітап оқып, танымын арттырып отыру басты талап болуы тиіс. Осы орайда бүгінде кітап оқуға деген құмарлықты арттыру бағытында өңірде түрлі іс шаралар өткізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Мемлекеттік қызметкерлер арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында танымдық сағат өткізді. Оған Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты. «Жақсы кітап — жан азығы» атты таным сағатына өте белсенді қатысты. Жаңадан шыққан кітаптардың таныстырылым да өтті. Оқу мәдениетін насихаттау мақсатында өткен шараға қатысушылар көп болды. Онда табысты кәсіпкер Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабы таныстырылды. Бұл кітапта бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы, тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, кітапта көптеген қажетті ақпараттар алуға болады. Тұлға болып қалыптасу жолдары, өзіңді өзің дамыту жағы да тереңірек қаузалған. Нағыз мемлекеттік қызметте жүрген жандарға арналған кітап. Бұдан бөлек, 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілгені белгілі. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын артыру мақсатында жуырда Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесі желісі аясында оқырман конференциясын өтті. Қатысушылар қаламы қарымды жазушының шығармасын терең талдап, мазмұнын айтысты. Тілдік қоры мол қаламгердің суреттеулеріне таңданыс білдірді. Бұдан кейін, Ордабасы аудандық орталық кітапханасы халық ақыны Шал (Тілеуке) Құлекеұлының туғанына 275 жыл толуына орай оқырмандарды халық ақыны Шал Құлекеұлының өмірбаяны, шығармаларымен кеңінен насихаттау мақсатында арнайы шара ұйымдастырды. Оқырмандардың көркем әдебиетке, кітап оқуға деген ынтасын ояту мақсатында «Қазақтың төкпе ақыны» атты танымдық сағат өтті. Қазақтың бай әдебиетіне мол үлес қосқан Шал ақынның шығармаларына шолу жасалды.