Білім ошақтарында білім мен тәрбие қатар жүруі тиіс, Ол үшін ата-аналармен бірлесе жұмыс атқару тиімділігін көрсетуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінде 21 қараша күні » Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда мектеп пен отбасы арасындағы өзара қарым қатынасты нығайту мақсатында 1 «Б,В» сыныптарының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мұндай шаралар аталмыш мектепте үзбей өткізіліп келеді. Жиналысты өткізуден мақсат — бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана одағы бірлесе жұмыс істеу қажеттігі, бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екендігін түсіндіру, ата-анамен мұғалім арасындағы байланысты жақсарту болып табылады. Аталған мәселелердің барлығы да жиын барысында талқы таразысына түсті. Бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер, ата-аналарға психологиялық көмек туралы айтылды. Жиналыста ата-аналармен түрлі тапсырмалар орындалып, көңіл — күйлерін көтеру мақсатында түрлі юағыттағы жаттығулар жасатып, ойындар ойнатылды. Ата-аналар берілген барлық тапсырмаларды тап-тұйнақтай етіп жасады. Бала тәрбиесіне қажетті барлық ақыл кеңестер үшін алғыс айтты. Бұдан кейін, Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 20 қараша күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» он күндік ұйымдастырылды. Аталған іс-шарасының жоспарына сәйкес 10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Зорлық-зомбылық пен қатыгездік қайдан шығады?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Оқушылар зорлық-зомбылықтың түрлері мен сипатына тоқтала отырып, қатыгездіктің пайда болу себептерін іздеді. Қоғамға қауіпті кеселмен күресудің жолын бірге іздеді. Сан алуан сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Бүгінде түрлі ақпарат басылымдарында көрініс табатын түрлі оқиғалардың шығу себептеріне талдау жасады. Оның алдын алу жолдары қандай деген сұраққа жауап іздеді. Отбасындағы, жасөспірімдер арасындағы, мектеп оқушылары, ересектер тарапынан болып жатқан зорлық-зомбылық оқиғаларына тоқталып, шығу себептерін болжады. Әсіресе, бүгінгі таңдағы мектеп оқушылары, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жөнінде пікірлерін білдірді. Үлкен сыныптардағы оқушылардың өзінен кішкентай балаларға әлімжеттік жасауының себептерін анықтауға тырысты. Бұдан кейін, Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 12-16 қараша күндері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» он күндік іс-шарасының жоспарына сәйкес мектеп педагог — психологы К. Усембаева орта буын оқушыларымен тренинг сабақтар өтті. Оқушылар зорлық-зомбылық барысында сұрақтарға жауап берді. Түрлі психологиялық дамыту жаттығулары жасалып, ойындар ойнатылды. Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 15 қараша күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» он күндік іс-шарасының жоспарына сәйкес ата — аналармен жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шараға ата-аналар белсене қатысты. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат — бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана рухани адамгершілік қасиеттерін бала бойына сіңіріп қорғауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру болып табылады. Аталған мәселелер жиын барысында жан жақты талқыланды. Ата аналар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға тастады. Жиналыс соңында мектеп педагог-психологы ата-аналардың көңіл — күйлерін көтеру мақсатында түрлі жаттығулар жасатып, ойындар ойнатылды. Бұдан соң, Ә.Науаи атындағы ЖББМ-де 2023 жылдың 14 қараша күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» он күндік іс-шарасының жоспарына сәйкес 7 «Б» сынып жетекшісі М. Шүкіралиева оқушылармен» Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағатын өтті. Оқушыларға адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау түсіндірілді. Бұдан соң тағы да аталмыш мектепте 2023 жылдың 13 қараша күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» он күндік іс-шарасының жоспары бойынша ДТІЖО, педагог — психолог, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы оқушылармен жиналыс өткізіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде көп айтылып, көп талқыланып жүрген тақырып тереңірек қаузалды. Оқушылар сұрақ қойып, сұрақтарына жаксы жауап алып, кең ауқымды мағлұмат алып тарасты.