Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы О. Ағыбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылы 21 қараша күні «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты тренинг өткізілді. Ақпараттық науқанды өткізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес мектептің әлеуметтік педагогтың м.у.а С. Бағысбаева «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында 6″А» сыныбына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл оқушылар арасында саналы және қауіпсіз мінез-құлықты насихаттауға арналған тамаша және маңызды бастама. Мұндай іс-шаралар балалар мен жасөспірімдер арасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға және зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алуға көмектеседі. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбын оқыту арқылы оқушылар зорлық-зомбылықтың зиянды әсерін жақсы түсінеді, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді үйренеді және қажет кезде көмекке жүгінеді. Бұдан бөлек аталмыш мектепте 2023 жылы 22-қараша күні «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес педагог-психолог А. Карманова 9″Ә» сынып оқушыларымен «Мен бақытты баламын» тақырыбында тренинг өткізді. Педагог психолог А.Карманованың 9-сынып оқушыларымен өткізген «Мен бақытты баламын» тақырыбындағы тренинг олардың өзін, эмоцияларын, тәжірибесін және олармен күресу қабілетін жақсы түсінуге көмектеседі. Мұндай тренингтер эмоционалдық интеллекті, өзін-өзі тану және қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ олар жанжалдардың, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, оқушылардың бойында оң дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Педагог-психолог балалар мен жасөспірімдерді қолдау және дамыту жүйесінің маңызды буыны болып табылады және оның жұмысының арқасында оқушылар үйлесімділік пен қауіпсіздікте дами алады. «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанына жоспарланған іс-шаралар көп.