Тіл саясаты қазіргі заманда өзекті де өткір тақырыпқа айналып отыр. Көптілді қоғамдарда тілдік әртүрлілікті сақтау және қолдау әлеуметтік-мәдени тұрақтылықтың негізгі аспектісі болып табылады. Тіл саясаты қоғамда тілдерді сақтауға, дамытуға және қолдануға бағытталған принциптерді, механизмдерді және шараларды анықтайды. Ұлттар мен ұлттық азшылықтардың ана тілін сақтау және дамыту, көптілділікті насихаттау, әртүрлі тілдерді оқыту мен үйрену тіл саясатының маңызды аспектілері болып табылады. Әркімнің өз ана тілін еркін пайдалануына, сондай-ақ басқа тілдерді үйрену және қолдану мүмкіндігіне ие болуға ұмтылу мәдени әртүрлілікті және өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Бүгінде ұйымдардың қазақ тілін қолдауға бағытталған бірлескен іс-шараларды бірлесе атқаруы тіл саясаты мен мәдени мұраны сақтауға оңды үлес қосудың үлгісі болып табылады. Осындай бастамалар жалғасын тауып, ана тілінің қоғамдағы орны мен маңызын нығайтуға септігін тигізеді деген сенім мол. Түркістан облысы Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығының орыс тілі пәнінің маманы Инара Жұмабаева ”Отырар көркем- саз мектебінің» ұжымымен «Етістіктің өткен шақ» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта орыс тіліндегі етістіктің өткен шағын жасаудың негізгі ережелері, сондай-ақ оны әртүрлі контексте қолдану мысалдары қарастырылды. Сабаққа қатысушылар өткен шақтың дұрыс жасалу жолдарын талқылауға белсене қатысып, алған білімдерін бекітуге арналған жаттығулар орындады. Сондай-ақ, Инара Жұмабаева қатысушылардың жазу және сөйлеу дағдыларын жақсартуға көмектесетін орыс тіліндегі дұрыс грамматика мен сөйлем құрылымы бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.
Сабақ ойдағыдай өтіп, қатысушылар алған ақпарат пен жаңа білімге қанағаттанды. Инара Жұмабаеваның еңбегінің арқасында Отырар көркем саз мектебінің қызметкерлері етістіктің өткен шағын күнделікті іс-әрекетінде жақсырақ қолдана алатын болады. Жуырда Отырар аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Отырар өнер және саз мектебі» қызметкерлерімен «Терроризм — қоғамға төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде терроризмнің түрлі аспектілері мен оның қоғамға әсері талқыланды. Талқылау барысында терроризм әлемге төніп тұрған ең ауыр қатерлердің бірі болып табылатыны және барлық елдер мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігерін қажет ететіні айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар лаңкестік әрекеттердің алдын алу шараларын, соның ішінде білім беру бағдарламаларын, лаңкестік қауіптерден қорғану дағдыларын арттыруды және жастарды радикалдану белгілерін тануға үйретудің маңыздылығын талқылады. Терроризмнің алдын алу жолдарының бірі ретінде жастарды қоғамның мәдени-ағартушылық өміріне тарту және әлеуметтік интеграциялау мәселелері де сөз болды. Талқылаудан кейін қатысушылар терроризмге қарсы күресте қоғамдағы барлық тараптардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы ортақ ұстанымды білдірді және осы тақырып бойынша алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұдан бөлек, Отырар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тілашар» клубының мүшелерімен «THR BEST DAY OF MY LIFE» тақырыбында ағылшын тілінен диктант алынды. Диктант ағылшын тілінде жазу дағдыларын жаттықтыру және қатысушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында өткізілді. «Тілашар» клубының мүшелері іс-шараға белсене қатысып, ағылшын тілінде өмірлеріндегі ең жақсы күндерін үлкен қызығушылықпен жазды. Іс-шара сәтті өтті және қатысушылар ағылшын тілін қолдану бойынша қосымша тәжірибе алды.