Бүгінде Түркістан облысындағы барлық аудандарда кітапқа деген қызығушылықты дәріптеу мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Мұның барлығы да кітапханаға оқырман тартудың,. жаңа кітаптарды насихаттаудың төте жолы болып табылады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Бірлік ауылдық №61 Абай атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында 5-6-7-8-9 сыныптар арасында «Үздік оқырман» сайысы болып өтті. Бұл жолы кітапқұмарлар сайысқа түсті. Алғашқы шарт бойынша әр сынып өз оқыған кітаптарын насихаттайды және сүйікті кейіпкерлері жайлы шағын үзінді айтады. Оқушылар аталмыш шараға белсене қатысты. 5 сынып Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», 6 сынып Төлен Әбдіктің «Оң қол» және Дулат Исабековтың «Жұмбақ үй» , 7 сынып А.Тургеновтың «Бөдене.Бирүк.Шалғын», 8 сынып Б. Майлин «Шұғаның белгісі» және Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», 9 сынып Дулат Исабековтің «Гауһар тас» және Зияш Телеуованың «Тірі өлік» атты шығармаларын баяндап, өз қатарластарына оқуға кеңес берді. Оқушылардың кітап оқуға деген құлшыны қуантты. Олар оқыған шығармаларының мазмұнын айтып қана қоймай, білгендерін бөлісіп, ортаға ой тастады. Екінші шарт бойынша «Ұшқыр ой» сұрақ- жауап бойынша оқыған кітаптарынан сұрақтарға жауап беру қажет болатын. Үшінші шарт бойынша мақал- мәтел айтып жарысқа түсті. Оқушылардың білім тереңдігі таңқалдырды. Олар тек кітап оқып қана қоймай, терең талдама да жасады. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан, көп кітап оқыған оқырмандарды ұстаздар марапаттады. Мұндай шараны өткізудегі мақсат — кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін насихаттау, рухани бай болуға шақыру болып табылады. Сонымен қатар, Келес аудандық кітапханасы көпшілік оқырманмен Қазақ халқының мемлекет қайраткері және дипломат Абылайханның 310-жылдығына арнап «Алты Алаштың айбыны -Абылай»атты дөңгелек үстел өткізілді. Абылай азан шақырып қойған аты Әбілмансұр Түркістан билеушісі Уәлі сұлтанның шаңырағында дүниеге келді.Абылай көреген саяси қайраткер қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызған,қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің бірі болған.Ә.Жанкелдин жалпы орта мектебінің оқушысы Н.Нұрәділ Төлебидің жас Абылайға арнап жазған «Сабалақ» атты өлеңін оқыды. Оқушылар көптеген тарихи құнды мәліметтерге қанықты. Өз ойларымен бөлісті. Шара соңында көп балалы ана Н.Сейітова сөз сөйледі. Жас буынды Абылайдың даналығын дәріптеуге шақырды. Мұндай шараларды өткізудегі негізгі мақсат — оқырмандарға қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосқан,анталаған жауға тойтарыс беріп қазақ халқының келешегіне жол ашқан,көзі тірісінде аты аңызға айналған, қазақ үшін қасиетті болған Абвлайхан жайлы мәліметтер беріп, өмірімен еңбектері жайлы насихаттау болып табылады. Бұдан бөлек, Келес ауданындағы Қошқарата ауыл округіне қарасты Бесқұбыр ауылдық кітапханасы Төле бидің 360 жылдығына орай кітапхана оқырмандарымен «Туралықты тұғыр еткен Төле би» атты тұлға тану сағатын өткізді. Іс шарада Төле бидің өмірі, халық арасында жасаған игі істері, даналық сөздері, әділдігі мен тапқырлығы жайлы айтылды. Тұлға тану сағатын өткізудегі мақсат тарихта өзіндік орны бар тарихи тұлғаны кітапхана оқырмандарына дәріптеу. Қазақ халқы үшін жасаған еңбегін бағалау. Оқуышлар аталмыш шараға белсене қатысты. Бірлесу ауылдық округі 28 гвардия ауылдық кітапханашысы Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай №34 А. Байтұрсынов жалпы орта мектебінің кітапханасында 9 сынып оқушыларына “Ахмет Яссауи және даналық хикметтері” атты тақырыпта өмірдерек кешін өткізді. Кеште Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаянынан видиоролик қойалды “Ахмет Яссауи және даналық хикметтері” атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырылды. Барлық шараға оқушылар асқан ықыласпен, белсене қатысты.