Білім саласы қатып қалған қасаң дүниелерден ада болуы керек. Әрдайым жаңашыл идеялар, жаңаша форматтар енгізілуі қажет. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Көркем мінез — баға жетпес байлық» атты жаңа форматтағы ата-аналар мен оқушылардың бірлескен тренингі өтті. Мұндай жаңаша бағыттағы триенингтердің береі көп әрине. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат — ата-аналардың, балалардың эмоционалды құзіреттілігін, өзіндік сана-сезім, ұлттық құндылықты дәріптеу, жағымды қарым-қатынасты шыңдай білу болып табылады. Ата ана бүгінде жұмысбасты болып, балаға қарауға шамасы келе бермейтіні анық. Сол себептен балалрдың көбі қараусыз болып, теріс жолды таңдап жатады. Ал мұндай шаралар ата ана мен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайтуға көп көмегін тигізеді. Шараны ұйымдастырған педагог-психолог: Г Аділханкызы, 11-сынып жетекшісі: Р.Тұрсынова. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті дарыту, өз мінезін көркем ету оңай дүние емес. Адамгершілік, жауапкершілік, көркем мінез адам бойындағы — жақсы қасиет. Кез-келген тұлғаның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасаты, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы жаратылысына байланысты болады дейді ұстаздар. Жаңаша форматтағы тренинг барысында ата-аналар да оқушылар белсенділік танытып, алғыстарын білдіріп ұлттық құндылықты дәріптеуді шыңдай түсті. Ата-аналар мен оқушылардың үйлесімділігі өте тартымды болды. Түрлі ойындар ойнатылды. Р.Тұрсынова мен Г.Аділханкызы ата-аналардан жағдаяттар мен өз ойларын ортаға салуда бағыт бағдар беріп,шешімін табуға ат салысты. Бұдан кейін, үйде оқытылатын оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімдеу, ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, оқушының ортамен қарым-қатынас дағдысын дамыту мақсатында «Жүрек жылуы» атты іс-шара Б. Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткізілді. Қоғамға бейімдеу бағытында аталмыш мектепте мұндай іс шараларлар ұдайы өткізіліп тұрады. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар- логопед-дефектолог Балхибекова Ж. Ұйымдастырушы педагог Арысбаева Б. Педагог-психолог Жаксылыкова Р. Пайдасы көп мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Б.Садықов атындағы ЖББМ кітапханасында оқырмандарға «Денсаулық зор байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Басты байлықты дұрыстап күтуде зор маңызы бар шаралар алдын да өткізілген болатын. Бұл жолғы шараны ұйымдастрыудағы мақсат- оқырмандарға өз денсаулықтарын сақтап қана қоймай, салауатты өмір сүруді, еңбекке, спортқа баулу. Зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіріп, насихаттау болып табылады. Мектеп кітапханасындағы денсаулыққа байланысты басылымдармен оқырмандарды таныстырып, оқуға ұсыну. Кітап көрмесіне мерзімді басылым беттерінде жарық көрген денсаулық саласындағы жаңалықтар жайлы, ғаламтор беттерінен алынған құнды деректер және де Х.Досмұхамедұлының «Денсаулығыңды сақтай біл», Г.Икіманованың «Саулық пен сымбат» атты кітаптары, «Денсаулық» энциклопедиясы қойылып шолу жасалынды. Мектеп медбикесі Ұ.Қадырбекова жеке бас гигиенасын сақтау туралы, зиянды және пайдалы тағамдар жайлы айтып өтті. Дені сау, құрыш білекті, қайсаржүректі, еліміздің тірегі бола білетін әдеміқазақазаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтып өтті. Бұдан кейін, Б.Садықов атындағы жалпыға білім беру мектебінің ҚББП Пернебаева Ж, үйірме жетекшісі А.Умбеталының жетекшілігімен Салауатты өмір салты: «Саулық -сақтықта» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен спорттық іс- шара ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат — қимыл белсенділігі бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.Осы және өзге де пайдалы ақпараттарды ұсынды.