Бүгінде балалар арасындағы буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында облыс көлемінде түрлі бағыттағы шаралар жалғасын табуда.т Өтпелі кезеңнің өтінде тұрған жас өскіндердің бұл жаста еліктейтін дүниелері көп болары сөзсіз. Сондықтан да олардың теріс жолға түсіп кетуі де ықтимал. Осыған орай жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоспарға сәйкес «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында арнайы шара болып өтті. Аталмыш мектептің директоры Қ.Т.Спабекова, педагог-психологтар: Г.Аділханкызы және Р.Жаксылыктың ұйымдастыруымен өтті. Балаларға қатігездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамның назар аударуы, балалардың құқықтары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру қоғамда балаларды қатігездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруда, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыруда, , ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту мақсатында ашық түрде сұхбат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шара кең ауқымда жүргізілді. Оған қосымша жадынамалар таратылды. Сұхбат аясында қоғамның көзқарасы зорлық-зомбылыққа қарсы екендігі басты назарда болды. Балаларға барынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мектепте бүгінгі қоғамда көрініс тауып отырған өзекті мәселелер назардан тыс қалмайды. Сондықтан да осы тарапта көптеген шаралар ұйымдастырылады. Бұдан кейін, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы бөліміне қарасты Б.Садықов жалпыға білім беру мектебінің тәлімгері Шамшидин А ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?” атты сынып сағаты өткізілді. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы дерттің алдың алу тұралы мағлұматтарды берді. Сынып сағатына оқушылар белсене қатысты. Келешек бүгінгі жастардың қолында екені айқын сондықтан да сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу болашағымызды жарқы етудің кепілі екендігі туралы әңгіме өрбітті. Жалпы аталмыш бағыттағы шараларды өткізудег мақсат — өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру, «Жаңа Қазақстан” болашағына бастау алған сәтте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің болашағына қажетті маңызды мәселе екенін, осы жолда әрбір азаматтың адалдық әрі адамдық парызы мемлекеттік мүдденің басты қағидасы екенін баса айқындап атап өтті. Мемлекет баянды, дамыған қоғам құрып, өсіп-өркендеу жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрдайым басты назарда болып, білім алушы жастарға ізгі үлгі-өнеге көрсету барша аға буын өкілдерінің, әрбір Қазақстан азаматының қасиетті қағидасы болатынын тілге тиек етті. Шараға қатысушылар белсенділік танытты. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікпен патриоттық тәрбиені бірге қалыптастыру керек екенін түсіндірді. Бұдан соң, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қызметкерлері Б. Садықов атындағы жалпы білім беру мектебіне 20 қараша күні келіп жоғарғы сынып оқушыларымен талапкерлерге оқуға қалай түсу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп шықты. Әскери оқу орындарына түсу шарттары жайлы түсіндірілді. Бұдан кейін тағы да, аталмыш мектепте 2023-2024 оқу жылының 15-қараша күні «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес II — ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларымен мектептің педагог-психологы Г. Аділханкызы тренинг өткізді. Болашақта бақытты болу, бақытын баянды ету әр адамның өз қолында екені аян. Сол бақыттың бір бөлігі баланың балдай тәтті балалық шағы екені тағы белгілі. Әрбір бала өзінің ерекше балалық шағын естен кетпейтіндей, өзіне ұнаған қалпында өткізуі керек. Осы жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Бұдан кейін, тағы да қызықты шара ұйымдастырылды. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз. Сондықтан сабақ барысында үзіліс уақытын тиімді пайдаланып, оқушыларға :»Тимбилдинг жаттығулары арқылы оушыларға жағымды көңіл күй сыйла» атты тренинг ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың бәріне де ұнады. шараның негізгі мақсаты — позитивті белсенділік; Жағымды эмоция; Коммуникативті қарым — қатынас; Оқушылардың іскерлігі; Өзін-өзі жаңа қырынан тану; Өзіне және айналасындағыларға қолдау көрсету болып табылады. Г.Аділханқызының ұйымдастыруымен ойын түрінде өткізілген тимбилдинг жаттығулары оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділігін, арттырды. Жалпы мұндай тимбилдингтердің оқушыларға сөзсіз ұнайтыны анық. Бұдан кейін Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының 16-қараша күні «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес 7- сынып оқушыларымен мектептің педагог-психологы Г. Аділханкызы тренинг өткізді. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеу жайы айтылды. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап,мадақтап тұруды; Адамның ісіне зейін салып қарауды; Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауды; Тыңдап үйренуді; Бір-біріне қолдау көрсетуді; Жымиып жүруді; Кешірімді болуды; Достық қарым-қатынаста болуды дәріптеді. Мұндай қасиетті бала жастан бойына сіңірген оқушы болашақта жаман адам болмайтыны жайлы айтылды. Жоғарыда аталған әрбір ізгі, жағымды қасиеттердің адам бойында табылу керектігін тренинг барысында оқушыларға теориялық және практикалық тұрғыда түсіндірді. Оқушылар аталған шараға қызыға да белсене қатысты.
Связанные истории
18.11.2024
28096
18.11.2024
26040