Оқушылардың таным түсінігін, білім көкжиегін кеңейту үшін ашық сабақтардың берері мол. Осы орайда жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы «Майлыкент» жалпы білім беретін мектебінде бастауыш бірлестігінің жаратылыстану және дүниетану күніне орай жаратылыстану сабағынан Назарова Хазина 4 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тек қана ашық сабақпен ғана шектеліп қалмай, атап өткендей 1-4 сынып аралығында «Біз болашақты ашық түстермен қарсы аламыз» атты тақырыпта сурет байқауы қоса өткізілді. Аты айтып тұрғандай оқушылар ашық түстермен елімізді,жерімізді, Отанымызды құрметтеп өсетіндерін білдіріп, түрлі форматта суреттерді бейнеледі. Көздің жауын алардай керемет суреттерді жарыса салды. Олардың арасынан ең кереметін таңдап алу да оңайға түспеді. Сондай ақ Майлыкент» жалпы білім беретін мектебінде бүгінгі күн бастауыш бірлестігінің апталығының жоспары бойынша әдебиеттік оқу күні өтті. Тамаша бастаманың тақырыбы: «Кім,жылдам оқырман» деп аталады. Аты айтып тұрғандай ерекше тәсілмен ұйымдастырылған жобаға оқушылар қызыға қатысты. Оқушылар мектеп ішіндегі кітапханаға саяхат жасап ақын- жазушылардың өмірі мен шығармалары және ертегі кейіпкерлерін көріп уақыттарын қызықты өткізді. Ертегілер әлеміне еніп кеткендей әсерде болды. Оқушылар өздері қызыға оқыған шығармалардың мазмұнын айтты. 2-4 сыныптар арасында атаулы күндерге енген ақын- жазушылардың өлеңдерін,шығармаларын айтты. Осы аталған күнге Сағындықова Индира 2 «А» сынып оқушылары мен ашық сабақ өтті. Ашық сабақта жаңаша әдіс- тәсілдермен бөлісті. Бұдан кейін аталмыш мектепте бастауыш бірлестігінің апталығы жалғасын табуда. Бекітілген жоспар бойынша Математика күні, тақырыбы » Мен кестені 5-ке білемін» тақырыпта 3-4 сыныптар арасында логикалық есептерді шығару және ребус шешу сайыстар болды осы аталған күні математика сабағынан ашық сабақтар өткізілді. Атап айтар болсақ 2 Ә сынып жетекшісі Махсутова Айнур және 3 А сынып жетекшісі Бегалиева Гүлжан өз деңгейінде өтті. Жас мамандар әдіс- тәсілдермен бөлісті. ”Майлыкент» жалпы білім беретін мектебінде бастауыш бірлестігінің апталығы жалғасуда. 21- қараша жоспар бойынша Қазақ тілі күні тақырыбы » Мен елімнің болашағымын» осы тақырыпта 2-3сыныптар арасында диктант 4-сыныптар эссе жазды. Мектеп дәлізінде оқушылардың «Дәптер- оқушы айнасы» үлгілі дәптерлері ілінді. Бұл қызықты жоба болды. Әріптері айнадай әдемі тізбектелген, тап таза дәптерлер бірінен бірі өтеді. Қазақ тілі сабағынан Қыдыралиева Айжан 3 Б сыныппен «Түбір мен қосымша» , Шымбергенова Жанар 3 Ә сыныбымен «Түбір мен қосымшаның жазылуы» ашық сабақ өтті. «Майлыкент» жалпы білім беретін мектебінде 20 қараша күні » Болашаққа жолбастар, бастауыш білім данасы» тақырыбында бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды. аталмыш шараны өткізудегі басты мақсаты — педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдай отырып,білімнің жаңа инновациялық идеяларын игерген тұлға қалыптастыру. Педагогтердің озық іс- тәжірибесімен бөлісу болып табылады. Апталықтың ашылуына ойындар, логикалық есептер және сұрақ-жауап айдары болды. Жауаптылар 3-4 сынып оқушылары және сынып жетекшілері және бірлестік жетекші. «Майлыкент» жалпы білім беру мектебінде 2023 жылы қарашаның 17-ші күні «Қатігезсіз зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу барысында «Балалар мен балалық шақты қорғайық» тақырыбы аясында кітапханашы Мұсаева Роза 5-6 сыныптарына көрме ұйымдастырды. шараны өткізудегі мақсат — балалардың ойын дамытып, кітап оқуға ынталандыруға бағытталған. Мұндай шараның оқуышларға берері көп. Бұдан кейін, 2023 жылдың 16 қарашасында «Майлыкент» жалпы білім беретін мектебінде 7- 11 сынып қыздарына арналған кезекті қыздар жиналысы болып өтті. Мұндай жиындардың қыздарға береі көп әрине. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жасөспiрiмдер арасындағы ерте жүктiлiктiң алдын-алу, сенiм жәшiгi және сенім телефондары жайлы айтылды. Аталмыш шараға «Инабатты қыздар» клубының мүшелерi және Түлкібас емханасының акушер-гинеколог дәрігері С.Жантуреева және емхана психологы А.Жайшыбекова, мектеп медбикесі Н.Сапарова, мектеп педагог- психологы А.Сарыкулова, мектеп тәлімгері Н.Есенбаева қатысты. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достарымен және құрбыларымен күнделiктi қарым- қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында баяндама оқыды. Қыздар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, пікір алмасты.