Бүгінде оқушылардың білім дағдыларын дамыту үшін ата аналармен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бұл өте тиімді әдіс екені дәлелденген де. Осыған орай жуырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылының 8 сыныптың жетекшісі А.Ержігітовның ұйымдастырумен «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы» тақырыбында жаңа мазмұнда ата-аналар жиналысы өтті. Аталмыш жиынға барлық ата аналар қатысты. Бала тәрбиесіне бей-жай қарамайтын ата-аналар мұндай маңызды жиыннан қалмайтыны белгілі. Мектепішілік «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара барысында ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салып, баланың үйдегі, түздегі тәртібі туралы әңгім өрбітті. Одан бөлек, ойындарға қатысып, әр түрлі сұрақтарға жауап берді. Ата -ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға мақсатталған іс-шара тартымды, пайдалы және қызықты болып өтті. Бала тәрбиесіндегі басты ролдегі ата-ананың алар орны ерек әрине. Сондықтан да ата-аналар жиналысын көбірек өткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, аудандағы Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзгі демалыс кезінде кітап оқимын» тақырыбында оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсат — оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Оқушылар үшін өте пайдалы сабақ болды. Бұдан бөлек аталмыш мектепте көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі мектепте кәсіби бағдар беру педагогы А. Асанбекованың ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылында 9-сынып оқушыларымен «Менің мамандығым-менің әлемім» тақырыбында тренинг сабағы өтті. Мектеппен отбасының әлеуметтік серіктестігін жүзеге асыру мақсатында өткен іс -шарада оқушыларға және олардың ата -аналарына балаларының мамандықты таңдауы бойынша ақпарат берілді. Оқушылардың бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуге ықпал жасау жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы,Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектепте күзгі каникул жоспарына сәйкес «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Р.Тілеуқабылова отбасылық тәрбиеге бағытталған жұмыс бойынша көрме ұйымдастырды. «Алтын ине» тобының қыздары күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды үйренді. Алтын қолды шебер қыздар түрлі бұйымдар жасап, көпшіліктің назарына ұсынды. Бұдан кейін, С. Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өзін — өзі басқару Мектеп парламентінің Президентін ұлықтау салтанатты рәсімі өтті. Мектеп президенті ұстаздардың, оқушылардың алдында ант беріп, өз білімін, мектептің өзін — өзі басқару ұйымының дамуына үлес қосуға дайындығын білдірді. Еліміздің болашағын ойлайтын білім мен өнерге құштар, елінің тарихын құрметтейтін, қайсар тұлғалардың қадамдары құтты болсын! Өздеріне жүктелген міндеттемелерді мектеп көшбасшылары абыроймен атқарады деп сенім білдіреміз Кәсіби бағдар беру педагогы Асанбекова Айгерімнің ұйымдастыруымен күзгі демалысты тиімді пайдалану барысында 9-сынып оқушыларымен бірге «Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесіп, мамандық әлемі туралы ақпарат алу» мақсатында Тұрар Рысқұлов ауылындағы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне саяхат өткізілді. Мұның барлығы да оқушылардың білім көкжиегін кеңейту мақсатында қолға алынған шаралар болып табылады.