Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы мамандандырылған Мектеп-интернатында «Екі жұлдыз — 2023» ән байқауы өткізілді. 7-10 сынып оқушылары отбасындағы кез-келген туысымен жұптасып ән шырқады. Аталмыш байқау 2023-2024 оқу жылына арнап түзілген оқу-тәрбие жоспарына сәйкес оқушыларды өнерге баулу, сахналық мәдениетін қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынасты арттыру, үштік одақ (ата-ана, оқушы, мектеп) жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды. Ән байқауы екі кезеңнен тұрды. Бұл шарада Шардара аудандық Мәдениет үйінің қызметкері әнші, термеші, бірнеше байқаулардың жеңімпазы Сакен Бегманов, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ақын-сазгер, Әлем Халықтары жазушылар Одағының мүшесі Ажар Сламова және мектепішілік ата-аналар Кеңесінің мүшесі Малика Жарылқапова қазылық етті. Бірінші кезеңде қатысушылар патриоттық әндер, екінші кезең еркін тақырыпта ән шырқады. Байқауға қатысушылар барын салып дайындалғаны көрініп тұр. Бірінен бірі өтетін әншілердің арасынан нағыз мықтыны анықтау әділ қазыларға оңайға соққан жоқ. Байқауға қатысушы жұптарды қолдаушы көрермендер қатарынан көрінген ата-аналар, сыныптастары, сынып жетекшілері мен тәрбиешілері ерекше қошемет көрсетіп отырды. Байқау өте керемет ұйымдастырылған. Барлығы да барынша дайындалып байқаудың жақсы өтуіне атсалысты. Аталмыш білім ордасында бұдан өзге де түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Бұдан кейін, мектеп-интернат қабырғасында білім алушы 7-10 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында «Жайдарман-2023» көңілді тапқырлар ойыны өтті. Мектеп өмірінен, қоғамдағы өзге де мәселерді астарлы әзілмен жеткізе білген командалар көрерермендердің көңілінен шыға білді. Керемет әзілдей білген, сахналық мәдениетті сақтай білген командалар әділқазы алқалары тарапынан оң пікірлер мен мақтаулар естіп, әділ бағаларын алды. Содан кейін, 2023-2024 оқу жылына арнап түзілген оқу-тәрбие жоспарына сәйкес мектепте «Мейірімділік керуені» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға мектепішілік Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Алия Зулей, Шардара ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Бәкір Қалмырзаев, Қамқоршылық Кеңесінің белді мүшесі, демеуші, кәсіпкер Диляра Қошқарбаева қатысты. Қайырымдылық акциясының жоғары деңгейде өтуіне мейірімді басшы Джумагалиева Айгерім Дәулетбекқызы бастаған Шардара Балалар Саз Мектебинің кәсіби, білікті мамандары Сәттібек Жолдасбеков мырзаға, Айман Бахадыр, Жұмагүл Сарсекенова, Ақерке Мамыр ханымдарға мектеп әкімшілігі тарапынан үлкен ризашылығын білдірді. Бұдан кейін Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен Қарулы Күштердің оң имиджін және әскери қызметтің беделін қолдау, сондай-ақ жастарды әскери борышын орындауға және азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге ынталандыру мақсатында 10-11 сынып оқушыларына «Біртұтас ұлт-Біртұтас Армия!» тақырыбында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Жуманов Ербол Жанузакович, Шардара АПБ бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы, Арнасай шекара бөлімшесінің бастығы капитан Қартқұжақ Нұрлан Қайратұлы қатысып оқушыларымызды түрлі саладағы әскери мамандықтар әлемімен таныстырды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
27768
18.11.2024
25812