Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара мектеп — лицейдің жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар жат ағым жетегіне неліктен тез түседі?», — тақырыбында жиын өтті. Қазіргі әлемдегі жастар көптеген ақпараттық және мәдени әсерлерге, соның ішінде шетелдік тенденцияларға тап болады. Бұл технологияның дамуына, интернеттің, әлеуметтік желілердің қолжетімділігіне байланысты. Мұндай жағдайда келеңсіз салдардың алдын алудың тиімді шараларын әзірлеу үшін жастардың жат ағымдарға тартылуына ықпал ететін факторларды түсіну маңызды. Осы тақырыптағы кездесу жастардың жат ағымдардың ықпалына түсуінің негізгі себептерін талқылауға және анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тиісті ақпараттық базаның жоқтығына, олардың мәдениеті мен дәстүрлерінен хабардар болмауына, сондай-ақ жастарды ұлттық құндылықтар мен рухани тәжірибелерге жеткіліксіз қолдау мен тартуға байланысты болуы мүмкін. Кездесуде жастар арасында діни тұрақтылықты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған шешімдерді талқыланды. Бұл дін және мәдениет туралы ақпараттық хабардарлықты арттыру, ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, жастарды рухани және әлеуметтік тәжірибеге белсенді тарту, сондай-ақ тәжірибе алмасу және діни тұрақтылыққа қатысты мәселелерді талқылау үшін алаңдарды құру шараларын қамтиды. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық — түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, мектеп — лицейдің директоры Ж.Сапаров қатысты. Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық — түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев: «Шәкәрім Құдайберді айтпақшы, «Білімсіз ел — жас бала секілді: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған ұмтылмақшы» деген. Бүгінгі таңда еліміздің жас азаматтарының басым көпшілігі радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау қауіпінде жүргені белгілі. Жастарымыздың радикалды діни ағымдардың ықпалына еріп кетуі олардың жеке ой — түйсігінің әлі де толықтай қалыптаспағандығы. Сондай — ақ, жастардың санасына жат ағымның оңай әсер ететіні анық деп сөзін қортындылады. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Қазіргі жастардың дінге деген қызығушылығы мен бетбұрысы өте жоғары деңгейде және жылдам жүруде. Алайда, осы дінге бет бұру үрдісінде діни білімді қайдан және қалай алып жатыр деген сұрақ басы ашық күйінде тұр. Елімізде жалпы сауатсыздық деген түсінік жоқ. Себебі орта білім алу міндетті болып саналады. Дегенмен, діни — рухани қайшылықтардың басты себебі ретінде діни сауатсыздықтың зардабы аз емес. Осы діни сауатсыздықтың және бағдарсыздықтың кесірінен қаншама азаматтарымыз зардап шегіп, рухани — материалдық дағдарысқа ұшырап жатыр. Жастардың қызығушылығы, жаңалыққа құштарлығы, тез бейімделгіштігі, рухани ізденімпаздығы сияқты ерекшеліктері оларды әртүрлі жағдайларға жетелейді. Сондықтан, еліміздегі теріс ағым өкілдерінің қатарын толықтырушылардың арасында жастардың үлесі басым екендігін ешкім жоққа шығара алмайды деп сөзін аяқтады. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағым ықпалына түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», — деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңда осы талап — тілегін қанағаттандыра алмай, жат ағымдардың жетегінде кету сияқты көріністер орын алып жатқанын жеткізді. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жастарды жат ағымнан сақтандыру мақатында ұйымдастырылатын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
27655
18.11.2024
25650