Түркістан облысына қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дуальды оқытуды кеңінен насихаттау, серпінді ендіру, дамыту, жұмыс берушілермен байланысты нығайту мақсатында «Дуальды оқыту-сапалы мамандар даярлау кепілі» тақырыбымен өңірдегі кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Дуальды оқыту – нақты өндіріс жағдайында теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыратын оқытудың инновациялық түрі. Бұл студенттерге тек теориялық негізді ғана емес, сонымен қатар табысты мансап үшін қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілермен байланысты нығайту дуальды оқытудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл колледжге еңбек нарығының қазіргі талаптарын қадағалап отыруға және оқыту бағдарламасын соларға сәйкес бейімдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс берушілермен мұндай серіктестік бітірушілерді тиімдірек жұмысқа орналастыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Студенттерге заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін заманауи білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін қолайлы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.
Кездесуге «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша келісімшарт жасасқан жұмыс берушілері, жергілікті кәсіпкерлер, мектеп және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісай аудандық филиалы өкілдері қатысты. Іс-шара бағдарламасына сәйкес келген кәсіпкер, қонақтарға колледждің оқу-техникалық базасы таныстырылды Бүгінгі заманауи талапқа сай жабдықталған база қонақтардың көңілінен шықты. Сонымен қатар, жаңадан жасақталған «Робототехника» кабинетінің тұсаукесері болып өтті. Бүгінде робототехника саласы мықты дамып келеді. Сондықтан да бұл кабинеттің оқушыларға пайдалы болары сөзсіз. Оқытушы Н.Сералиева МКБ 20-9 тобы студенттерімен шеберлік сағаты, дуальды оқыту жүйесінен білім алып жатқан студенттердің практика кезінде жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өткізілді. Кәсіпкерлермен кездесудің негізгі бөлімі « STEAM » кабинетте өткізіліп, «Жұмыс беруші-мекеме — студент» үш жақты сұхбат өткізіліп, дуальды оқытудың өзекті мәселелері ортаға салынды. Әсіресе, кәсіпкерлер тарапынан сөз сөйлеген «Елдос» тігін цехының директоры Э. Темірбаева мен «Ләйлә» тігін цехының директоры Л. Әбжаппаровалардың сөздері сапалы мамандар даярлау жолындағы оқу орны ұстанымымен бір жерден шықты. Өзара сұрақ-жауап кезеңінде кәсіпкерлер мен студенттер тарапынан берілген сұрақтарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының директоры Н.Әбдірахманов жауап берді. Жиын соңында колледж бен « Атамекен » кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалы арасында меморандумға қол қойылды. Келешекте екі тарап та бірлесе жұмыс жасамақ. Бұл өте тиімді болып отыр. Бүкіл іс-шараны өткізуге директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Аташов басшылық жасап, жүргізіп отырды. Алдағы уақытта да екі жаққа да тиімді болатын мұндай шаралар жиі өткізіліп тұратын болады.