Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде білімгерлердің білім деңгейін, рухани өсуін әрдайым дамыту үшін түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып тұрады. Аталмыш оқу ордасына өтіп жатқан шаралардың бірқатарымен таныстырып өтсек. Жуырда аталмыш оқу орнында оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында жатақхана студенттері мен «Студенттік парламент» ұйымы «Ханзада мен Ханшайым» атты күзгі балл кешін өткізді. Аталмыш мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаларды қамтыған сайыс түрінде өткізілді. Жатақхана студенттері мен «Студенттер парламенті» бірлесіп ұйымдастырған «Ханзада мен Ханшайым» атты күзгі би кеші студенттердің ұйымшылдығын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтіп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын тамаша бастама. Мұндай іс-шаралар студенттік өмір үшін өте маңызды, өйткені олар достық және шығармашылық атмосфераны қалыптастырады, сонымен қатар студенттердің шығармашылығын дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ықпал етеді. Концерттік бағдарламалары бар байқаудың форматы студенттерге өз өнерлерін көрсетіп, сан алуан нөмірлер мен қойылымдарды ұсынуға мүмкіндік берді. Ол сондай-ақ қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеу, өзіне сенімділік және коммуникация дағдыларын дамытуға көмектеседі. Табиғи ортада мұндай би кешін ұйымдастыру оқушылардың күзгі табиғаттың сұлулығын тамашалауға және таза ауада уақыт өткізуге мүмкіндік береді, бұл олардың жалпы әл-ауқаты мен денсаулығына ықпал етеді. Сайысқа 6 жұп қатысып, түрлі деңгейде әр жұп өз өнерлерін көрсетті. Түрлі сайыстар бойынша әділ-қазылар алқасы күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымын анықтап, дипломмен және қыржылай сыйлықпен марапаттады. Басқа қатысушыларғада сыйлықтар берілді. Күні кеше Мақтаарал аграрлық колледжі жатақханасында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Мақтаарал АПБ ЖПҚ КТЖ УПИ полиция аға лейтенанты Алиев Берік Ашірбекұлының қатысуымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» тақырыбында кездесу өткізілді. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат — жастар арасында буллингтің, аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайларды болдырмау, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату болып табылады. Жастар аталмыш шараға көптеп қатысты. Бұдан бөлек, Мақтаарал аграрлық колледжінде жастардың білімге деген құндылықтарын қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысын дамыту, белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында топ жетекшілері тақырыпқа байланысты баяндама оқып, оқушылармен білім, еңбек, патриотизм туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, Мақтаарал аграрлық колледжінде оқушылардың бойына әдептілік туралы ұғымды қалыптастыру, кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру мақсатында В-23-1 тобының жетекшісі Қ.Жұмабек «Әдептілік-адамгершілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында жастар әдептілік туралы өлеңдер оқып, мақалдар айтып, тәлімі мол сахналастрылған көрініс қойып, әсем ән шырқады. Мақтаарал аграрлық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында оқушылардың сөйлеу мəдинетін дамыту, сөз өнерін қадірлеу, ойлау жүйесін жетілдіру, топпен жумыс жүргізе білуге үйрету жəне əдеби кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кітап –сарқылмас рухани дүние» тақырыбында орыс тілі жəне əдебиеті пəнінің оқытушысы А.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен əдеби кейс өткізілді. Сайыс түрінде өткізілген кейске қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп, орыс əдебиетінен қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты логикалық тапсырмаларды орындады. Оқушылар шараға белсене қатысты. Мақтаарал аграрлық колледжінде «Студенттік парламент» ұымының атсалысуымен Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі түрде өткізілетін «Құрметтей біл ұстазды» атты өзін-өзі басқару күні биылғы оқу жылында өзінің жалғасын тапты. Жалпы оқушылардың өзін-өзі басқару күнінің негізгі мақсаты: Оқушылардың колледждегі басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Колледж әкімшілігі мен мұғалімдерінің орнында жұмыс атқарған жоғары курс оқушылары ұстаз жұмысының қиындықтары мен қызықтарын біліп, сезінді. Шәкірттеріміздің ертеңінен үміт күтіп, от жалынды мінездерінен, үкілі үміттерінен, тау қопарар қиялдарынан мақтанамыз. Бұдан кейін, Мақтаарал аграрлық колледжінде 15 қараша — Ұлттық теңгенің 30 жылдығына орай Қазақстанның ұлттың теңгесінің тарихы мен оның маңыздылығын түсіндіру, студент жастардың ой-санасын дамыту, танымын кеңейту, елін, жерін сүйетін жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында«15 қараша — Ұлттық валюта күні» тақырыбында топтарда тәрбие сағаты өткізілді. Мақтаарал аграрлық колледжінде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатанда «Студенттік парламент» ұйымының белсенді атсалысуымен «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс 3-кезеңнен бойынша өткізілді. 1 — кезең «Білімдер бәйгесі» 2 — кезең «Суреттерді сөйлету» 3 — кезең «Жұмбақ ойдың қазығы, Мақал сөздің азығы Алғырлығы мен тапқырлығы жоғары, жеңімпаз атанған студенттер арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Мақтаарал аграрлық колледжінде «Жалпы білім беретін пәндер» әдістемелік комиссиясының «Жаратылыс сыры – ғылымда» атты апталығы аясында оқушыларды өз бетінше ізденуге ,ойларын еркін жеткізе білуге үйрету мақсатында 1 курс оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» жаратылыстану танымдық интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайысты өткізуде колледж оқытушылар Д.Иманбердиев, Н.Оразбаева, П.Тазабекова, Г.Жиенбаева белсенді атсалысты. Сайыстың кезеңдері: 1-кезең «Бәйге», 2-кезең «Полиглот».3-кезең «Пиза тапсырмалары», 4-кезең «Жорға». Оқушылар белсенді қатысты, ең жоғары ұпайды жинаған оқушы жеңіске жетіп,. ТМ-23-1 тобының студенті А.Дадажанов жеңімпаз атанып, марапатталды. Бұдан кейін, Мақтаарал аграрлық колледжінде 1 курс оқушылары арасында «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты: студанттерді адамгерілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға, мәдениеттіліктің қарапайым қағидаларын үнемі сақтап жүруге үйрету. Сауалнама қорытындысы бойынша студенттердің басым көпшілігі қоғамдық орындарда әдептілікті және мәдениеттілік қағидаларын сақтап жүретіндігі байқалды. Мақтаарал аграрлық колледжінде Түркістан облысы білім басқармасы және «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасы тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында дуальды оқытуды кеңінен насихаттау, серпінді ендіру, дамыту, жұмыс берушілермен нығайту мақсатында «Білікті жұмысшы кадр даярлауда дуальды оқытудың тиімділігі» тақырыбында кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өткізілді. Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты, директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Қ.Балғабеков «Дуальды оқытудың шарттары мен құқықтық негіздері» жайлы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылына 1 курстың 8 мамандығы бойынша дуальдық келісім шартқа отырғаны туралы айтты, Мақтаарал ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Т.Бапаев колледжбен тиімді өзара іс-қимыл жасау туралы өз ойын ортаға салды.
Связанные истории
18.11.2024
24822
18.11.2024
22998