Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты білім ошақтарында түрлі іс шаралар өтілді. Жуырда аудандық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Ибрагим Ата атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Әлеуметтік сала мен тәрбие саласы» онкүндігі жоспары негізінде, 9 сынып оқушылары арасында «Мамандықты дұрыс таңдау -табысты өмірдің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кәсіби бағдар берудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ой-өрістерін дамыта отырып, жеке тұлғаның өмірлік жолындағы алғашқы қадамына дұрыс бағыт-бағдар беру және қолдау көрсету.Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы білім ошақтарында оқушыларды кәсіби бағдарлауға бағытталған түрлі іс-шаралардың өткізіліп жатқаны үлгі аларлық дүние. Ибраһим ата атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмір кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өте қызықты өтті. Мұндай іс-шараның мақсаты – жеке тұлғаның өмір жолының алғашқы кезеңінде дұрыс бағыт-бағдар беру және қолдау көрсету, кәсіби бағдар берудің әртүрлі әдістерін қолдану арқылы оның ой-өрісін дамыту. Бұл оқушылардың өмірінде болашақ мамандығын таңдау алдында тұрған өте маңызды кезең. Мансапқа бағдарлану іс-шаралары оқушыларға олардың қызығушылықтарын, дағдыларын және мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге, сондай-ақ әртүрлі мансап пен мансап жолдары туралы ақпарат алуға көмектеседі. Олар әртүрлі мамандық өкілдерімен кездесіп, оларға сұрақтар қойып, құнды кеңестер ала алады. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар студенттердің ой-өрісін дамытып, болашақ кәсіптері туралы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Олар мансаптық бағдар берудің әртүрлі әдістерін зерттей алады, мысалы, тесттер, интерактивті ойындар, мамандардың кеңестері және т.б.Бұдан соң, , «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Есірткісіз қоғам» тақырыбында жастар және оқушылар арасында сурет салу байқауы өткізіліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Байқауға Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты арнаулы оқу орындарындағы студенттер мен мектеп оқушыларынан жалпы саны 40 жуық азамат қатысып, бақ сынасты. Мақсат-жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастардың шығармашылықтарын дамытып, бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Мұндай іс шараларды ұйымдастыру жастардың жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына көп септігін тигізері сөзісз. Байқауға оқушылар белсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан индустриялды инновациялық колледжі мен А.Исмайлов атындағы кәсіптік колледжі бірінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орынды Сайрам ауданы білім бөлімі №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы мен №5 М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары иемденді. Ал, үшінші орын Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі мен Техникалық колледж студенттеріне бұйырды. Сонымен қатар, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы», Сайрам ауданы білім бөлімі және аудан имамдарының ұйытқы болуымен ауданымызда 7-11 сынып оқушылары арасында «Анаға хат» шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты Ана мен бала арасындағы махабаттың өлшемін дәріптеп, негізін насихаттау, баланың анасына деген алғысын көрсету, ата-ана алдындағы парызын терең сезіне білуі арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлықтау, әдебиет, поэзия әлеміне ынтызар оқушының қабілетінің дамуына түрткі болып, оларды марапаттау арқылы құлшынысын ояту болып табылады. Байқауға жалпы 200-ден астам шығарма келіп түсті. Оқушылар наларына хатты асқан сезімталдықпен жазған. Солардың ішінде үздік деген 27 шығарма байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды. Екінші кезеңге жолдама алған шығармалардың авторлары (оқушы жастар) көпшілік алдында өз шығармаларын оқып берді. Байқау қорытындысы бойынша №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ирискулов Отабек, №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Өсер Ерсанат, №67 Көмешбұлақ атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Үсенбай Гулназ және Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Эрдавлетова Ұлмекен арнайы номинацияларға ие болды. Ал, №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Маханбетова Аида, №52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жүрсынбек Ажарлым және №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жансерікқызы Мейірім 3-орын иеленді. 2-орынға №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Абилдабекұлы Айсұлтан мен № 52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жексенбекова Кәусар тұрақтады. № 52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Есалы Анельге байқаудың бас жүлдесі бұйырды. Жеңімпаз оқушылардың барлығыны арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бұдан кейін, «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет» Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және жолда жүру ережесімен таныстыру мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде Сайрам АІІБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мирзаметов Шерзад Рахманкулұлының қатысуымен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет» тақырыбында «Автокөлік ісі» кәсібінің 9-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Заң алдында ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндірілді. Оқушылар үшін мұндай жиындардың берері көп. Бұдан кейін, Сайрам ауданы, №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында «Арайлы алтын күз» өнер байқауы ұйымдастырылды. Байқау таныстыру, қолөнер, ән сайысы, би бөлімі, сұрақ-жауап және көрініс бөлімдері бойынша өтті. Мақсаты: оқушылардың бойындағы таланттарын ашу , оларға қолдау көрсету және сахна мәдениетіне үйрету. Әділқазылардың шешімімен орын алған сыныптарды құттықтап, марапаттаулар беріліп, сыйлықтар табысталды.
Связанные истории
18.11.2024
24707
18.11.2024
22956