Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылардың білім деңгейін арттырумен қатар, тәлім тәрбиесіне де көп көңіл бөледі. Жуырда «Ағаш бұйымдарын құрастырушы» кәсібінің мұғалімдері осы мамандық бойынша білім алып жүрген оқушылардың ата-аналарына «Ата-ана, сіздің пікіріңіз біз үшін құнды» атты ашық есік күнін өткізді. Тек балалармен ғана жұмыс істемей олардың ата аналарымен де байланыста болу білім мен тәрбиенің сапасын арттыра түсетіні анық. Іс-шара барысында ата-аналар перзенттерінің бұл кәсіпте нені үйреніп, неге үйретіліп, қандай машықтар қалыптасып жатқанын көрді. Оқушылар үш топқа біріктіріліп, үш түрлі тұрмыстық бұйымды ата-аналарының алдында орындады. Перзенттерінің жұмыс барысындағы әрекетін, жасаған бұйымдарының сапасын көріп тамашалаған ата-аналар ұстаздар қауымына өздерінің ақжарма алғыстарын білдірді. «Оқушылардың білім алуына оңтайлы жағдай жасау негізінде кәсіби ұтқырлықты дамыту» Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» әдістемелік бірлестігінің қарашаның 20-25 күндері аралығында «Оқушылардың білім алуына оңтайлы жағдай жасау негізінде кәсіби ұтқырлықты дамыту» тақырыбында әдістемелік апталығы өтті. Апталық барысында кәсіпті меңгертуге оңтайлы инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар, сегіз тапсырманы орындау бойынша практикалық сабақ, шебер сынып, кездесу, шағын кәсіпорындарға саяхаттар ұйымдастырылды. оқушылар сабаққа белсене қатысты. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеттерінің бірі — табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу. Міндеттерді шешу барысында «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ағаш бұйымдарын құрастырушы» кәсібінің мұғалімдері осы кәсіпте білім алып жүрген оқушылардың ата-аналарына балаларының білім деңгейлерін дәлелдегендей болды. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.