Асық ойыны тарихи тамыры тереңде жатыр және қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі болып табылады. Бұл көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар физикалық дағдыларды, үйлестіруді және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектеседі. Асық сияқты ұлттық ойындарға қатысу балалардың жүйке жүйесін нығайтуға, ұқыптылыққа, ептілікке, өзін-өзі бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, олар ойын ойнау арқылы өздерінің мәдениеті, дәстүрлері мен ұлттық мұралары туралы біле алады. Мұндай шаралар ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға да септігін тигізеді. Олар өскелең ұрпаққа өз елінің мәдени мұрасын түсінуге және бағалауға және олардың ұлттық болмысымен көбірек байланыстыруға көмектеседі.
Түркістан облысына қарасты Арыс ауданындағы Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепте өткен «Халқымыздың ұлттық ойыны – тәрбие көзі» атты іс-шара ұлттық ойындарға, оның бала тәрбиесіндегі маңызына назар аударуға бағытталған тамаша бастама. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат — оқушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мұраны сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу. Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында аға тәлімгер Розагул Миркибаеваның ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларна «Асық ату» ойыны туралы насихат жұмыстары жүргізілді. Ұлттық ойындар — адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдарына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі саналған «Асық ату» ойынына оқушылар қызыға қатысты. Ұлдар арасында «Бес табан»,» Бес асық» ойындары жүргізіліп, қатысушылардың алғырлығы, мергендігі сынға түсті. Нәтижесінде, ұлттық ойындар арқылы балалардың, ептілік, дәлдік, тапқырлық пен байсалдылық қабілеттері дами түсті.