Білімнің баспалдағы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екені анық. Ең алғаш әріп танып, әліппені жаттап, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, тақпақ жаттап, білімге деген құштарлығымызды бастауыштан бастаймыз. Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани — адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдану мақсатында қараша айының 27-жұлдызынан желтоқсан айының 9 жұлдызы аралығында бастауыш сынып әдіс бірлестігінің «Баспалдағы білімнің — бастауыштан басталған» атты тақырыбында онкүндік басталды. Аталмыш онкүндіктің мақсаты: жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар, баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және көңіл-күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға баулу. Білім беру үдерісінде оқытудың озық технологиялары, жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін меңгере отырып бәсекеге қабілетті, білім деңгейі жоғары, ізденушілік, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Аталған іс — шара жоспары бойынша бүгін, берілген дыбысқа сөз құрап, сөздерге сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын жетілдіру, буын жайлы білімдерін кеңейту мақсатында «Сөзді буынға бөл» тақырыбында 0 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айтбаева Мейрамкүл әріптесіміз жоғарғы деңгейде ашық сабақ өтті. Сабаққа оқушылардың барлығы да белсене қатысты. Аталмыш сабақтың барысында, «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылармен сәлімдесіп, жаңа сабақты суреттер арқылы ашып, сөздерді буынға бөлу дидактикалық ойын түрінде, балалар қолшапалақтау арқылы сөздерді буынға бөліп, осы сөздерден неше буын бар екенін анықтап, сергіту жаттығуларын жасады. Бұл оқушыларға өте ұнап қалды. Олар , дәптермен жұмыс жасады яғни, жемістерді ретімен жабыстырып, жемістер туралы тақпақтарын айтып, сабақты жеміс ағашына алмаларды жабыстырып қорытындылады. Жеміс ағаштарына байланысты тақпақтар айтып жарысты. Жалпы оқушылар сабаққа белсене қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын танытты. Балалр бірімен бірі жарыса сұрақтарға жауап берді. Ашық сабаққа, директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Э.Кулиева, бастауыш сынып мұғалімі Жанар Шаймарданова қатысты. Білім беру үдерістерін дамыту үшін ашық сабақтың алар орны ерекше. Аталмыш ашық сабақтың жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі, бастауыш пәні мұғалімі Үсенова Тамара, пән мұғалімі Айтбаева Мейрамкүл бәрі де риза болды. Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани — адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдану мақсатында қараша айының 27-жұлдызынан желтоқсан айының 9 жұлдызы аралығында бастауыш сынып әдіс бірлестігінің «Баспалдағы білімнің — бастауыштан басталған» атты тақырыбында онкүндіктің іс — шара жоспары бойынша бүгін, берілген дыбысқа сөз құрап, сөздерге сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын жетілдіру, буын жайлы білімдерін кеңейту мақсатында «Сөзді буынға бөл» тақырыбында 0 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айтбаева Мейрамкүл әріптесіміз жоғарғы деңгейде ашық сабақ өтті. Сабақтың барысында, «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылармен сәлімдесіп, жаңа сабақты суреттер арқылы ашып, сөздерді буынға бөлу дидактикалық ойын түрінде, балалар қолшапалақтау арқылы сөздерді буынға бөліп, осы сөздерден неше буын бар екенін анықтап, сергіту жаттығуларын жасап, дәптермен жұмыс жасады яғни, жемістерді ретімен жабыстырып, жемістер туралы тақпақтарын айтып, сабақты жеміс ағашына алмаларды жабыстырып қорытындылады. Жалпы оқушылар сабаққа белсене қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын танытты. Ашық сабаққа, директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Э.Кулиева, бастауыш сынып мұғалімі Шаймарданова Жанар қатысты. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» — демекші, ашық сабағымыздың жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі, бастауыш пәні мұғалімі Үсенова Тамара апайымызға, пән мұғалімі Айтбаева Мейрамкүл әріптесімізге алғысымызды айтамыз.
Связанные истории
18.11.2024
24770
18.11.2024
22974