Бүгінгі жас еліміздің ертеңі. Сондықтан да олардың мамандық таңдауда жаңылыспағаны жөн. Осы орайда жуырда Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдарлау іс жоспарына сәйкес «Өскенде кім боласың» аясында жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология таңдаған 10 сынып оқушыларына «Мамандык таңдау өміріміздің бір кірпішін дұрыс калау» атты сынып сағаты болып өтті. Ол боййынша, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт бағдар берілді. Аталмыш шараны өткізудегі мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға жай сөзбен мысал келтіру емес. көзбен көрі, құлақпен есіту арқылы тез қабылдайтындарын ескеріп аталмыш шараға арнайы қонақтар шақырылды. Олар әр мамандықтың қыр сыры туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шардара АПБ-і бастығының 1-орынбасары полиция подполковнигі М.Тиллабек полиция майоры А.Даулетияров, полиция майоры Ш.Ибадуллаев құқық бұзушылық алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп » 2023-2024 оқу жылында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні:балаларға арналған өмір » тақырып аясында «Бала құқығы- асыл қазына» 5-6 сынып арасында эссе байқауын қазақ тілі пән мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Эсседе оқушылар өз ойларын ашық жазды. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп » 2023-2024 оқу жылында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық іс- шараны өткізу барысында «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!» тақырыбында , жоғары сынып оқушылар арасында этно-ұлттық үлгідегі сайысын өткізді. Сайыста оқушыларымыз қазақтың салт-дәстүріне айналған және заманауи киім үлгілерін көрсетті. Сайыстың мақсаты; оқушылардың өзі ұлтын,дәстүрін, ата салтымыздан келе жатқан әдет-ғұрыптарды жалғастыру және сақтауға тәрбиелеу.