Сынып жетекшілерінің жұмысы оңай емес. Әр оқушының тәртібі, білімі, психологиялық ахуалы бәрі бәрі сынып жетекшісінің қадағалауында боолуы тиіс. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде 20-24 қараша аралығында Сынып жетекшілер апталығы өткізілді. аталмыш апталық түрлі бағыттарды қамтыды. «Сыныппен жұмыс – жауапты жұмыс» тақырыбында өткен апталық барысында «Әдептілік – тәрбие бастауы», «Табиғатты қорғайық» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары, «Мұғалім мен оқушылардың арасындағы қатынасты жақсартудың тиімді тәсілдері» психологиялық тренингі өткізілді. «Діни эктремизмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің алдын алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының ауыл имамы Ж.Қосановпен кездесуі өтті. Оқушылар барлық сабаққа белсене атсалысты. сұрақтар қойып, жауаптарын алып отырды. Сондай-ақ, 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен жаңа форматта өтетін ата-аналар жиналысы, «Күз жәрмеңкесі», «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық іс-шарасы да ұйымдастырылды. «Кім жүйрік, кім жылдам?» атты 5-8 сынып оқушылары арасында спорттық сайыстар, 7-9 сынып оқушылары арасында «Кетебай» ауылдық мәдениет үйімен бірлесе өткізілетін футбол турнирі, «Ең үздік сынып», «Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы» байқаулары ұйымдастырылды. Апталық қорытындысында байқау-сайыстар, тренинг пен пікіралмасулар т.б. түрлі іс-шараларда топ жарған және белсенді атсалысқан ұстаздар мен оқушылар марапатталды. алдағы уақытта осы қатылеттес шаралар жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
24064
18.11.2024
22394