Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің, «Атамекен» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, ұлттық адами құндылықтарға негізделген ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың ұйымдастыруымен, педагог-ұйымастырушы К.Ибраева, тәлімгер А.Сыдының жетекшілік етуімен, мектеп парламенті «Өзін өзі басқару» ұйымының дайындап, қатысуымен «Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі» тақырыбында дебат өткізілді. Аталмыш шара «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында ұйымдастырылып отыр.
Мектепішілік өткізілген дебатқа бақылаушы болып мектептің «Ғибрат» дебат клубының жетекшісі қазақ-тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Кулантаева қатысып, жеңімпаз топты анықтап, ізгі тілектерін білдірді. Бұдан бөлек аталмыш мектепте оқушыларға тәрбие беретін түрлі бағыттағы шаралар да ұйымдастырылып тұрады. соның бірі мектепте адами ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың бастамасымен, кітапханашылар Н.Базарбаева, Б.Танабекованың ұйымдастырумен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Жақұты барға жасын түспейді» атты Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай сынып сағаты өтілді. Оған 5-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтты. аталмыш шараға оқушылар белсене қатысты. Олар ақынның жырларын жатқа айтты. Түркістан облысының білім басқармасының 28.09.23жылғы N36-01- 09/7256 хатына сәйкес, Түркістан қаласында орналасқан Ұлы дала музейінің базасында 5 жетекші Қазақстандық университеттердің бірігуімен көрме ұйымдастырылған болатын. Осы көрмеге «Атамекен» жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің КББП Арыстанбек Сымбаттың жетекшілігімен 11 сынып оқушылары көрмеге қатысып қайтты. Көрмеде университет профессорларының қатысуымен конференция болып өтті. Конференцияда оқушылар мамандықтар туралы көкейіндегі сұрақтарды қойып, көптеген мағлұматтар алды. Оқушылар Профессорларға алғыстарын білдірді. Бұдан кейін, аталмыш мектепте «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, кәсіби бағдар беру педагогі Арыстанбек Сымбатың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында «Баланың қиялдағы арманы » атты дөңгелек устел өткізілді.Дөңгелек үстелдің мақсаты: балалардың кәсіби таңдауларына сәйкес мамандарға сұраныстың қажеттілігін негізге алып, мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Кәсіби білім беру аясында әлеуметтік серіктестікті дамыту де бар. Сонымен қатар, Түркістан облысы,Ордабасы ауданының білім бөлімінің, » Атамекен» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында , «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» «Даналық мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың бастамасымен, педагог-ұйымастырушы К.Ибраева және «Мәнерлеп оқу» үйірме жетекшісі Айтбаева Гүлімнің ұйымдастыруымен, «Әкем айтқан нақыл сөз» тақырыбында 7 Б сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушы қыздар дөңгелек үстелге белсене қатысып,іс-шарадан алған ерекше әсерлерімен бөлісті. Бұдан кейін, «Атамекен» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында , «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» «Даналық мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес,ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың бастамасымен,»Айкерім» қыздар ұйымының жетекшісі Тангирбергенова Айнұрдың ұйымдастыруымен, «Қыз тәрбиесі-Ұлт тәрбиесі» тақырыбында 7,8,9,10,11 сынып қыздары арасында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушы қыздар дөңгелек үстелге белсене қатысып,іс-шарадан алған ерекше әсерлерімен бөлісті. Бұдан кейін «Атамекен» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында , «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес,ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың бастамасымен,2 Ғ сынып жетекшісі Жамалбекова Тұрсынайдың ұйымдастыруымен, «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналармен кездесу жиналысы өткізілді.Ата-аналар белсене қатысып,кездесуден алған ерекше әсерлерімен бөлісті. Түркістан облысы,Ордабасы ауданының білім бөлімінің, » Атамекен» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында , «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес,ДТІЖО Н.Ундирбаева мен П.Ахметованың жетекшілігімен,5 А сынып жетекшісі Утарова Жарқынайдың ұйымдастыруымен, «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналармен кездесу жиналысы өткізілді.Ата-аналар белсене қатысып,кездесуден алған ерекше әсерлерімен бөлісті.