Шымкент қаласында полиция қызметкерлері 50 жастағы азаматты аса ірі көлемде « героин » есірткісімен құрықтады.
ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі көлемде « героин » есірткісін сақтауда деген хабарлама түскен.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Шымкент ҚІІБ-ның аудандық есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен біріге жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Шымкент қаласының 1965 жылы туылған тұрғынын есірткі сатумен айналысады деген күдікпен құрықтады.
Күдіктінің үйіне тінту жұмысын жүргізу барысында тәртіп сақшылары, сұр түсті есірткі заты геройнге ұқсас, салмағы бір келіден астам полиэтиленді пакетке оралған орамадағы заты тапқан. Сонымен қатар, күдіктінің күртешесінің қалтасынан орамаға орлаған 13 грамм «героинге» ұқсас есірткі заты табылған. Белгілі болғандай күдікті бұрындары есірткі затын қолданған екен.
Криминалистикалық сот-сараптамасының нәтижесі бойынша бір келіден астам тәркіленген зат «героин » болып шыққан.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі затын ірі мөлшерде сақтау, сату, жөнелту » дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД ЕБҚКБ-ның ақпараты бойынша, жоғарыда аталған жайт Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың басынан бергі аса ірі көлемде табылған есірткі заты болып отыр.