Қыстық, жаздық аяқ киімнің сан түрі. Бағасы төмен, сапасы жоғары. Былғары, резеңке сүйретпелер. Барлығы Мақтаралдан шығады. Аудан кәсіпкерлері өзіміздің өнімді өркендетіп отыр «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-і 2014-ші жылы құрылған. Аудандағы Ералиев ауыл округінде орналасқан фабриканың жалпы құны — 675 млн. теңге. Басында қытайлық жабдықтармен қамтылған кәсіпорын 2017-ші жылы түркиялық құралдармен жаңартылды. Серіктестік бұл күнде жылына 1 млн. жұп қыстық, жаздық аяқ киім шығарады. Ұлықбек Раджанов – «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-нің директоры 1Кәсіпорында 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Солардың бірі — Жәнібек Жолдасбек. Азамат ауылынан алыстамай-ақ, өзінің сүйікті жұмысын тапқанына риза. Жәнібек Жолдасбек – «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-нің жұмысшысы «Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылыммен қамтылып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорінға жұмсалған шығынның 100 млн. теңгесін жеңілдетілген несие ретінде мемлекеттен алған. Бағдарлама серпін берген серіктестік алдағы уақытта жақын шетелдердің нарығын жаулаймыз, — деген ойда.
КЕНЖЕХАН Дүйсенбі