Жаңа жобаны Оңтүстікқазақстандық «Крал Достық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Жаз айларында жоғары сұранысқа ие өнімнің қазір алғашқы даналары сатылымға шыққанына да біраз уақыт болды. Түркиялық тәсілмен өндірілуде. Бұрын бұл өнімдер елімізге шеттен тасымалданатын. Арысы Туркия берісі Өзбекстаннан жеткізілетін. Жолға кеткен шығын көрші елдің көретін пайдасы бәрі-бәрі тауар бағасын қымбаттатып жіберетін. Енді өзімізде өндіріліп жатыр. Бұйыртса бағасы да төмен болмақ. «Крал достық» серіктестігі бұған дейін шеттен дайын өнімді тасымалдап саудалаумен айналысқан. Кейіннен өздері шығаруды қолға алады. Ол үшін «Оңтүстік» индустриалды аймақтан қажетті жер бөлініп инфроқұрылым жүйелері жеткізілді. Балжан Умиргалиева, «Крал Достық» ЖШС-нің құрылтайшысы «Бастамасы жаман емес. Алғашқы өнімдерімізді шығарып жатырмыз. Қыздар балдар істеп жатыр. Мемлекет жер берді. Светті жеткізіп берді. Қолдан келгенше көмектесуде. Сұраныста жоғары енді алдағы уақытта өзіміз шетелге дайын өнім саудаласақ деген жоспар бар». Айтып өту керек, қазір зауыттың тек бірінші кезеңі ғана іске қосылған. Әзірге қажетті шикізаттың барлығы шеттен тасымалданады. Мұнда тек өнімді құрастыру шаралары жүзеге асады. Оған қырықтан астам жергілікті тұрғын тартылыпты. Оларға жаңа техника тілін түрік елінен келген мамандар үйретіп жүр. Ал, зауыт толық қуатына көшкенде жұмысшылардың саны жүзден асады. Ал, аумағы 337 гектарды құрайтын «Оңтүстік» индустриалды аймағында қазір 36 зауыт өнім шығаруда. Биыл олардың қатырына тағы 15 кәсіпорын қосылады. Соның бірі «Крал достық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ал, қалған өндіріс ошақтары сан түрлі өнім өндіреді. Осылайша соңғы уақытта отандық тауардың үлес салмағы артып келеді.
Мақсұт АЙТЖАНОВ