Ауыл шаруашылығына қатысты бизнесті ауыл түгілі, қалада да шебер игеруге болады. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Бозарық елдімекенінде қора-қора түйе бағылатын шаруа қожалығы бар. Бекжан Жүнісбеков баптаған ойсылқара төлінің сүтіне бүгінде сұраныс жоғары. Шұбат көп дертке шипалы ем, нәрлі сусын екенін былайғы жұрт жақсы біледі. Халық қазір «Емдік қасиеті мол» деп, өркешті жануардың зәрін де сұрап келетін болған. Шағын атырапта шағын бизнестің басталғанына небары 3 ай. Соған қарамастан, мұнда таң жиегі сөгілмей келушілердің қатары қалың… Ия, дәл осы түйе сүтінің дәмін тату үшін жергілікті тұрғындар мұнда таңғы 6-дан бастап кезекке тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем болған бұл сусынның ұлт саулығы үшін пайдасы мол. Әрі сусын, әрі тамақ. Ғалымдардың пайымынша, шұбаттың ұлттық брендке айналуы да ғажап емес. Қымыранды жоғары технологиямен өңдеу ел экономикасына да көп септігін тизігеді деп күтілуде. Шұбаттың көмегімен қатерлі ісік, Альцгеймер дерті, сары ауру, жоғары тыныс жолдары ауруына шалдыққандар аяғына нық тұрған. Мұнда келушілер де бойға ерекше күш-қуат бітіп, ағзасында жеңілдікті байқай бастаған. Зат алмасуы да жақсара түскен. Ел алғысын арқалаған ердің болашаққа жоспары мол. Қазір тұтынушылар үшін 20 орындық жатын бөлмесін сайлаған. БЕКЖАН ЖҮНІСБЕКОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР «Бүгінгі таңда қала тұрғындары осында келіп, ем қабылдап жатыр, Бозарық елдімекенінде ашқанбыз. Бауыры ауыратындар, А, В, С гепатитіне шалдыққандар, рак ауруына ұшырағандар 40 күнде жазылып, емделіп кетті. 00:03:43 Әкімшілік тарапынан қандай да болса бір қолдау көрсетілсе, осы малды көбейтіп, 50 басқа дейін жеткізу жоспарда бар».Жеке шаруа қожалығы дерт дендегеннің де, жұмыс іздегеннің де сұранысын қанағаттандырып отыр. Мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған. Бірі таңертеңнен түйені тұрғызып, әрқайсысынан 1 литрден зәр жинайды. Онысы… өт жолдарының қабынуына, асқазанға пайдалы білем. Келесі жұмысшы түлікті құнарлы шөп, шипалы тікенге апарып жаяды. Айдап келіп, сауады. Ал, шұбаттың бабы, елге қызметтің қамы – кейінгі мамандарда.
АҚМАРАЛ Көпжасарова