“ОҢТҮСТІК” аймақтық инвестициялық орталығы өңірімізде кәсіпкерлікті дамыту барысына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерді бірігіп жұмыс жасауға шақыру, оларды қолдау мақсатында компания аудандар бойынша тұрақты түрде көшпелі жиналыстар, семинарлар өткізіп келген. Дегенмен бұл жолы насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді “ОҢТҮСТІК” аймақтық инвестициялық орталығы жаңаша тәсілмен қолға алды. Үйреншікті жиындар, ресми кездесулерден біраз шетке шыға отырып, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласында “Бірлік түбі — береке” атты ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді. Акция аясында барынша көбірек азаматты тарту және қызығушылығын арттыру мақсатында “Авто-мото федерация Шымкент” қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып мото-флэшмоб ұйымдастырылды. 20 дан аса кәсіпкерлермен ұйымдастырылған кездесу, еркін бейресми түрде өткізіліп, барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды кез келген уақытта қою мүмкіндігіне ие болды. Жиын барысында АИО басқарма төрағасы К. Байтөре барлық артықшылықтар мен қаржыландыру турасында толыққанды мәлімет берді. Сондай-ақ, қаржыландырудың көздері жетідірілгенін қоса айтып өтті. соған сай кооперативтерден ешқандай кепіл сұрамайды, алғашқы жарна да қажет емес.