Жуырда ғана «Алтын» атты май шығарған «Ибтикар» ЖК бүгінде өркендеу үстінде. Мұнда күнбағыс, мақта, мақсары майлары өндіріледі. сапасы өте жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы өндіріс орны ашылғанына үш жыл аралықта ішкі нарықты жаулап алды. Шекара сыртында да тұрақты тұтынушылары бар. «Алтын» сауда белгісін иеленген ас майын Ауғанстанға, Өзбекстанға, Иранға вагондап тасымалданады. Өндіріс орны қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. майдан қалған жемді сатып алушылар өздері келіп әкетеді.
«Біздің аяқтан нық тұруымызға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы көп көмек қолын созды, — дейді «Ибтикар» ЖК өкілі А. Маннанов. — Екі жыл бұрын аталған бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алдық. Бір жыл өткен соң қарызымыздан толық құтылдық. Өндірісімізді өркендету үшін тағы да 200 миллион теңге несие рәсімдедік».
Жеткен жетістікпен өндіріс орны шектеліп қалмақ емес, мемлекет жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолдау көрсетуде. ендеше неге мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? «Ибтикар» ЖК бүгінде қойма салуға кірісіп те кетті. сыйымдылығы он тоннаға жуықтайтын қойма құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта жер учаскесін сатып алып, жеке ферма тұрғызып мал бордақылаумен айналысуды көздеп отыр. Бұл жоспарлары үшін енді мемлеккеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша алуды жоспарлап отыр. аталған бағдарламаа ауылдықтар арасында жоғары бағасын алған.
Сайрам ауданында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 84 пайызды құрайды. Қарқынды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 13997 болса, өндіріс көлемі— 25 млн. теңгені құрайды.